«Ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологиялар» II Халықаралық жастар конференциясы

2023 жылғы 16-23 қазан аралығында ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының жас ғалымдары Мамырбаева Айнур және Ермакова Рината «Курчатов институты» Ұлттық зерттеу орталығының Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі («Курчатов институты» ҰЗО-БРАЭҒЗИ) базасында өткен «Ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологиялар» ІІ Халықаралық жастар конференциясына (Обнинск қ., Ресей) қатысты. Олар «Радиоэкология мен агроэкологияның іргелі және қолданбалы аспектілері» секциясында «Топырақпен, сумен және шөп ұнымен бірге ұзақ уақыт қабылдаған кезде 239+240Pu үй құсы етіне өтуі» және «ССП аумағының әртүрлі типтегі су объектілерінің түптік шөгінділерінде радионуклидтердің вертикалды таралуын зерттеу» тақырыптары бойынша ауызша баяндамалар ұсынды.

Конференцияда Ресей, Беларусь, Қазақстан және Әзірбайжаннан келген жас ғалымдар мен мамандардың келесі бағыттар бойынша жұмыстары ұсынылды: ауыл шаруашылығындағы генетикалық технологиялар, ауыл шаруашылығындағы радиобиологиялық зерттеулер, ауыл шаруашылығындағы радиациялық технологиялар.