«Ломоносов – 2018» конференциясы бойынша есеп

2018 жылғы 20 және 21 сәуірде Астана қаласында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында Астана қаласының 20-жылдығына арналған «Ломоносов – 2018» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың ХIV халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Аталған конференцияға қатысу үшін әлемнің түрлі елдерінің жас ғалымдарынан 450 аса тезис ұсынылған болатын. Бұл іс-шараға 154 номинант қатысып, ауызша баяндамаларымен таныстырған. Пленарлық отырыс жеті секцияда өтті. «Аймақтық экорлогиялық мәселелер: заманауи әдістер мен тәсілдер» секциясына ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының жас ғалымдары қатысты және келесі тақырыптар бойынша 4 ауызша баяндама ұсынды:
  •  «Ауылшаруашылығы жануарларының сүйек ұлпаларындағы стронций-90 құрамын тірі кезінде бағалау» (Байғазы Сымбат);
  •  «Радиоактивті ластанған аумаққа жер жырту әдісімен рекультивациялау жүргізудің тиімділігін бағалау» (Байсеркенова Токжан);
  •  «ССП табиғи көлдеріндегі радиоактивті ластанудың таралуын зерттеу» (Мамырбаева Айнур);
  •  «Сынақ полигоны аумағында ластанған сулардың қалыптасу жағдайларын зерттеу» (Тоқтағанов Тоғжан).
Сөз сөйлеу қорытындылары бойынша РҚЭИ филиалының конкурсанты Мамырбаева Айнұрға «Ломоносов – 2018» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың ХIV халықаралық ғылыми конференциясының жеңімпазы атағы берілді және қорытынды пленарлық отырыста І дәрежелі диплом табысталды. Ұйымдастырушы комитет Ұлттық ядролық орталығы ғалымдарының жұмыстары мен дайындығының жоғары деңгейін атап өтті. Біздің номинанттардың жұмыстары жюри мүшелерінің, тыңдаушылар мен қатысушылардың қызығушылықтарын тудырған. Ұйымдастырушылар тілек білдіріп, жас ғалымдарды конференцияларға жыл сайын қатысуға шақырды.