Азия елдерінің ядролық ынтымақтастығы форумының (FNCA) аясындағы онлайн-семинар

2020 жылдың 5-6 қарашасы аралығында ядролық технологияларды бейбіт пайдалану саласында Азия елдерінің ядролық ынтымақтастығы форумының (FNCA) аясында онлайн-семинар өтуде. Форум изотоптық әдістердің көмегімен бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан климаттық өзгерістерді зерттеулерге арналған, ол ядролық әлеуетті бейбіт мақсатта қолдануды дамытуда маңызды орын алады. Австралия, Бангладеш, Қытай, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Малайзия, Моңғолия, Филиппин, Тайланд, Вьетнам климаттық жобаның қатысушылары болып табылады. Аталған шарада бұл тақырып бойынша Қазақстан атынан ұлттық үйлестіруші ретінде қатысатын ҚР Ұлттық ядролық орталығын «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкері қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімінің бастығы Оксана Николаевна Ляхова таныстырады. Семинарға елдердің климатты зерттеу саласындағы негізгі жетістіктері мен проблемалары туралы есептері, сонымен қатар, 2021 ж. арналған климаттық өзгерістерді зерттеу жоспарын талқылау енеді. Семинарды өткізу климаттық зерттеулердің тиімді стратегияларын құру мақсатында қатысушы-елдер арасындағы тиімді ынтымақтастыққа және тәжірибе алмасуға мүмкіндік туғызады.