«Кітап сыйлап, өмірді өзгертейік!»

2010 жылдан бастап «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» (РҚЭИ) филиалы «Қазақстан радиоэкологиясының өзекті мәселелері» ғылыми басылымын дайындау және басып шығару бойынша тұрақты жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күнде үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) 6 басылым жарық көрді.   Кітап барлық уақытта ең бағалы сыйлық болып қала бермек. 2017 жылдан бастап РҚЭИ «Кітап-даналық, білім және ғылым көзі» қайырымдылық акциясын жүргізеді. Үш жыл ішінде кітаптың 1000-нан астам данасы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің кітапханасына және Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана филиалына (Павлодар қ.), А. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті кітапханасына (Өскемен қ.), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті кітапханасына және Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасына (Семей қ.) берілді.   Аталған акция шеңберінде 2019 жылғы 29-30 қазанда «Қазақстан радиоэкологиясының өзекті мәселелері» үш тілдегі 6 шығарылымының 300-ден аса данасын РҚЭИ кезекті рет Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне және   Өскемен қаласының А. Пушкин атындағы ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасына берген болатын.