Жарияланған: 07.10.2019
2019 жылғы 03-04 қазан аралығында Обнинск қ., Ресей, «Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесі (БРАЭҒЗИ ФМЮҒМ) ұйымдастырған «Радиобиология, радиоэкология және агроэкологияның заманауи мәселелері» Халықаралық жастар конференциясы өтті. Конференцияда математикалық үлгілеу және цифрлық технология, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібіндегі технологиялар мен ядролық-физикалық зерттеулер, топырақтың техногенді және агрогенді ластануы аясындағы радиациялық биология, […]
Жарияланған: 24.04.2023
2023 жылғы 14-15 сәуір аралығында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов-2023» XVIII Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов-2023» Халықаралық жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылады және іргелі ғылымның заманауи қоғам дамуындағы рөліне арналған. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан 3 жұмыскер […]
Жарияланған: 16.04.2024
ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты стандартты үлгілерді әзірлеу және аттестаттау тобының бастығы Ажар Жумановна Ташековаға 10500 – Биологиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен шын жүректен құттықтайды.
Жарияланған: 21.02.2018
2018 жылғы 15 және 16 ақпанда РФ Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік аграрлық университетінде «Табиғатты ұтымды пайдалану, экология, жерлерді мониторингілеу және кадастрлық бағалау мәселелері» дөңгелек үстелі жүргізілді, ол Алтай мемлекеттік аграрлық университетінің 75-жылдығына арналған XIII халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның шеңберінде өткізілген болатын. Ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша аталған іс-шараға біздің Иниституттың мамандары Сальменбаев Саян мен Мухамедияров Нурлан қатысты, олар […]
Жарияланған: 13.09.2019
Курчатов қаласына жұмыс сапарының бірінші күнінде Корея Республикасы Бірлесу министрлігінің қызметкерлері ҚР ҰЯО РМК басшылығымен кездесіп, ситуациялық орталыққа барды. Делегаттар Радиациялық қауіпсіздік және экология институтына, атап айтқанда, экожүйелерді кешенді зерттеу бөліміне, аналитикалық зерттеулер бөліміне, Семей сынақ полигоны тарихының мұражайына, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңына барды. Сондай-ақ делегаттар Атом энергиясы институты Токамак КТМ нысанына да барды.
Жарияланған: 04.04.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығының «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының медициналық және жабық түзету мекемелерінде рентген (медициналық, тексеру) жабдықтарының эксплуатациялық параметрлерін бақылау бойынша жұмыстар жүргізеді. Рентген жабдықтарының эксплуатациялық параметрлерін бақылау келісімшарттық негізде жұмыс орнына шығып және қондырғы сипаттамасының нормативтік талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды мен жабдықтың өлшенген […]