Жарияланған: 05.11.2019
2019 жылғы 28 қазанда келу бағдарламасының шеңберінде Ирландиядан келген БҰҰ өкілдері Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайында болып қайтты. Мұражай қонақтары полигонның құрылу және даму тарихымен, ядролық сынақтардың жүргізілу ерекшеліктерімен және ССП аумағындағы қазіргі кездегі радиациялық ахуалмен танысты.
Жарияланған: 15.04.2020
Өзінің Туған Күнінде Курчатов қ. ардагер майдангерлерінің бірі құттықтауларды қабыл алуда. Туған күн иесін осы мерекесімен «ҚР ҰЯО» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының өкілдері құттықтап, соғыс жылдарындағы өшпес ерлігі мен бейбіт күндердегі адал еңбегі үшін шынайы алғысын білдіріп, мықты денсаулық, өмірге деген құлшыныс пен молшылық тіледі!
Жарияланған: 24.04.2023
2023 жылғы 14-15 сәуір аралығында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов-2023» XVIII Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов-2023» Халықаралық жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылады және іргелі ғылымның заманауи қоғам дамуындағы рөліне арналған. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан 3 жұмыскер […]
Жарияланған: 26.09.2019
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК 2019 жылғы 20 қыркүйекте БҰҰ стипендиаттарын кезекті рет қабылдады. Қонақтар ҚР ҰЯО РМК қызметімен танысты. Семей сынақ поигоны мұражайында және «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болды. Жыл сайын БҰҰ стипендиаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына келеді. Сапар барысында қонақтар Семей сынақ полигонының тарихымен танысып, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болып қайтты. […]
Жарияланған: 11.12.2020
Пандемия мен карантин біліктілікті жоғарылатуға кедергі емес. 2020 жылғы 07-11 желтоқсан аралығында ядролық нысандарды пайдаланудан алып тастау жобалары саясатының, стратегиялары мен реттеудің және қоршаған ортаны қалпына келтірудің машықтарын оқыту бойынша АТЭХАГ-нің курсы өтуде. Оқыту Cisco Webex бұлтты платформасында жүргізіледі. Виртуалды кездесуге жақын және алыс шет елдердің 35-тен астам мамандары қатысады. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік […]
Жарияланған: 19.03.2024
ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты мониторингілеу және экологиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімі бастығының орынбасары Мадина Талгатовна Дюсембаеваға 10500 – Биологиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен шын жүректен құттықтайды.