Ремедиациялау бойынша жобаларды әзірлеу машықтарын оқыту жөніндегі АТЭХАГ оқыту курсы

Пандемия мен карантин біліктілікті жоғарылатуға кедергі емес. 2020 жылғы 07-11 желтоқсан аралығында ядролық нысандарды пайдаланудан алып тастау жобалары саясатының, стратегиялары мен реттеудің және қоршаған ортаны қалпына келтірудің машықтарын оқыту бойынша АТЭХАГ-нің курсы өтуде. Оқыту Cisco Webex бұлтты платформасында жүргізіледі. Виртуалды кездесуге жақын және алыс шет елдердің 35-тен астам мамандары қатысады. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің қызметкері Бакланова Юлия қатысады. Ағымдағы апта барысында дәрістер мен тәжірибелік сабақтар аясында келесі тақырыптар қарастырылатын болады:
  • ядролық нысанды пайдаланудан шығару мен кейінгі ремедиациялау және шешімдер қабылдау бойынша жобаны жоспарлау;
  • қызығушылық танытқан тарапты қатыстыру;
  • реттеу және саясат;
  • қатерлер мен коммуникацияны бағалау;
  • деректерді басқару;
  • технологияны таңдау;
  • алаңды жабу.