Жарияланған: 14.11.2019
2019 жылғы 7-9 қазан аралығында Алматы қаласында «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. ҚР ҰЯО РМК филиалынан конференция жұмысына Шатров А.Н., Кенжина Л.Б., Кривицкий П.Е., Тлеуканова Ж.Е., Актаев М.Р. қатысты. Энергия және ресурстарды сақтау, атомдық өнеркәсіпте цифрлық технологияны қолдану, сирек және сирек жер металдары мен жоғары технологиялық өнімдерді өндірудің тиімді технологиялары мен ресурстары, уран минералды-шикізатты базасын кеңейту […]
Жарияланған: 07.12.2018
Германия, Юлих қаласының зерттеу орталығы АТЭХАГ техникалық ынтымақтастық шеңберінде Ұлттық ядролық орталығы мен оның филиалдарының мамандарын түрлі бағыттар бойынша оқытудан және тағылымдамадан өтуге шақырады. Биылғы жылы да шақырулар келген болатын. 2018 жылғы 14 қазаннан 16 қарашаға дейін ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының аналитикалық зерттеу бөлімі элементтік талдау зертханасының инженері Мухамедияров Нурлан […]
Жарияланған: 03.10.2023
ҚР БҒМ АР14869391 «Қазақстанның аридті жағдайларындағы далалық экожүйелердің негізгі құрауыштарында тритийдің қайта таралуын зерттеу» гранттық қаржыландыру шеңберінде 17 және 22 қыркүйек аралығында Тимонова Любовь ENVIRA-2023 қоршаған ортаның радиоактивтілігі бойынша Халықаралық ғылыми конференцияда «ССП топырағының тритиймен ластануы» тақырыбындағы ауызша баяндамасымен қатысты. Севиль университеті мен Испания, Братиславадағы Коменский Университетімен, Қоршаған ортаның радиоактивтілігі журналы бірлесе отыра конференция ұйымдастырушылары […]
Жарияланған: 29.10.2018
Радиациялық қауіпсіздік және экология институтын (РҚЭИ) құру туралы ой Семей ядролық сынақ полигоны (ССП) жабылған соң полигонның зерттеу орталығы ретінде жаңа құрылым болып қалыптасуы барысында келді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ССП жабу туралы Жарлығы 1991 жылы 29 тамызда жарияланды, ал 1992 жылдың мамыр айында ҚР Министрлер Кабинетінің № 779 «ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Атом энергиясының […]
Жарияланған: 28.07.2020
Судағы радионуклидтердің құрамын бақылау тәсілдерінің бірі – су ортасының радиоэкологиялық мониторингі. Мониторинг жүргізу кезінде радионуклидтердің жергілікті «аялық» шоғырлануын анықтау маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Радиациялық өлшемдердің нәтижелерін аялық мәндерді анықтау нәтижелерімен салыстыру қоршаған ортаның сапасының өзгеруінде қолайсыз үрдістерді анықтауға, осы өзгерістердің даму болжамын құруға және қажет болған жағдайда қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған […]
Жарияланған: 06.11.2020
2020 жылдың 5-6 қарашасы аралығында ядролық технологияларды бейбіт пайдалану саласында Азия елдерінің ядролық ынтымақтастығы форумының (FNCA) аясында онлайн-семинар өтуде. Форум изотоптық әдістердің көмегімен бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан климаттық өзгерістерді зерттеулерге арналған, ол ядролық әлеуетті бейбіт мақсатта қолдануды дамытуда маңызды орын алады. Австралия, Бангладеш, Қытай, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Малайзия, Моңғолия, Филиппин, Тайланд, Вьетнам климаттық жобаның қатысушылары […]
Жарияланған: 08.11.2019
2019 жылғы 16-18 қазан аралығында Швейцарияда (Шварценбург қ.) ALMERA аналитикалық зертханалар желісі өкілдерінің үйлестіру кездесуі өтті. Іс-шара АТЭХАГ қолдауымен Тұрғындарды ядролық, биологиялық және химиялық қатерлер мен қауіптіліктерден қорғау институтының (Spiez Laboratory) базасында жүргізілді. Кездесу барысында зертханалардың жыл сайынғы кәсіби тестілерінің нәтижелері қарастырылды. Қысқа мерзімді гамма-сәуле шығарушы радионуклидтердің белсенділіктерін анықтау және қоршаған ортаның түрлі үлгілерінің жиынтық […]
Жарияланған: 07.08.2020
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) – бұл Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан және Грузия ғалымдарының ЕО, Жапония, Корея Республикасы, Норвегия, АҚШ және басқа елдердің ғылыми орталықтарындағы әріптестерімен іскерлік байланысын орнататын үкіметаралық ұйым. ХҒТО халықаралық ғылыми жобаларды іске асыруға септігін тигізеді және ғаламдық ғылыми және іскер қауымдастыққа бірлескен даму және жетекші пәнаралық зерттеулер жүргізу үшін бірегей ғылыми ноу-хауға […]