Басты бет›Жаңалықтар›Обнинскіде радиациялық экотоксикология бойынша тағылымдама
Обнинскіде радиациялық экотоксикология бойынша тағылымдама
26.05.2025
2025 жылғы 9-25 мамыр аралығында ҚР ҰЯО РҚЭИ биодозиметриялық зерттеулер зертханасындағы цитогенетикалық зерттеулер тобының бастығы К.С. Минкенова Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институтында (Обнинск қ., Ресей) тағылымдамадан өтті.
Оқыту биология ғылымдарының докторы, профессор С.А. Гераськиннің жетекшілігімен ауылшаруашылық өсімдіктерінің радиобиологиясы және экотоксикология зертханасында жүргізілді. Бұл зертхана өсімдік популяцияларының техногендік ластану деңгейіне бейімделу механизмдерін зерттеу, ионды сәуле шығарудың әсеріне өсімдіктердің молекулалық реакцияларын, ауыр металдарды және төмен дозалы биологиялық әсерлердің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу үшін жоғары өнімді молекулалық биология әдістерін қолдануға маманданған.
Тағылымдама барысында өсімдіктердегі оксидативті стрессінің маркерлерін анықтаудың, сондай-ақ төмен молекулалы антиоксиданттар мен антиоксидантты ферменттердің белсенділігін мөлшерлік бағалаудың заманауи әдістері игерілді. Алынған білім мен практикалық дағдылар Қазақстандағы радиациялық экология және өсімдіктердің молекулалық генетикасы саласындағы ғылыми бағыттардың дамуына ықпал етеді, сондай-ақ ҚР ҰЯО РҚЭИ іске асырылып жатқан жобаларында қолданылады.