Posted: 26.02.2021
2021 жылғы 22, 24-26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) мен Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (JAEA) ынтымақтастығы аясында онлайн-режімінде «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» тоғызыншы жыл сайынғы тренинг-курсы өтті. Курстың мақсаты – тыңдаушылардың радиациялық апаттық жағдайға уақытында және тиімді әрекет ету шаралары туралы базалық түсініктерін қалыптастыру, олардың дағдыларын жақсарту және тұрғындарды қорғау […]
Posted: 29.10.2018
Радиациялық қауіпсіздік және экология институтын (РҚЭИ) құру туралы ой Семей ядролық сынақ полигоны (ССП) жабылған соң полигонның зерттеу орталығы ретінде жаңа құрылым болып қалыптасуы барысында келді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ССП жабу туралы Жарлығы 1991 жылы 29 тамызда жарияланды, ал 1992 жылдың мамыр айында ҚР Министрлер Кабинетінің № 779 «ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Атом энергиясының […]
Posted: 16.10.2024
2024 жылғы 07-11 қазан аралығында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ядролық ғылым және технологиялар» V Халықаралық ғылыми форумы өтті. Форум аясында «Радиациялық экология және талдау әдістері» секциясының жұмысы жүргізілді, онда бұрынғы ядролық полигондарды радиоэкологиялық зерттеу саласындағы негізгі жетістіктер, қатерді бағалау, дозиметрия мәселелері және т.б. талқыланды. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» […]
Posted: 12.07.2018
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы келісімшартық негізде тек Қазақстан оқу орындарының ғана емес, ТМД елдерінің студенттеріне де өндірістік, дипломалды іс-тәжірибелерін ұйымдастырады. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен жасалған келісімшарт шеңберінде 2018 жылғы 01 маусымнан 12 шілдеге дейін 5 курс студенті – Александра Рожковаға «Радиохимия» мамандығы бойынша аналитикалық зерттеулер бөлімінде өндірістік іс-тәжірибе […]
Posted: 05.10.2022
ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Ғ. Батырбековтың 22.02.2022 ж. № 03-07/44іш. өкімін орындау үшін Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының базасында 2022 жылғы 12-14 қазан аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары мен мамандарының XХI конференция-конкурсы өткізіледі. ҚР ҰЯО РМК ұйымдастыру комитеті мен жас ғалымдар мен мамандар кеңесі ҚР ҰЯО РМК филиалдарының, […]
Posted: 22.10.2024
2024 жылғы 15-17 қазан аралығында «Еvaluating the Carbon Emission from Forest Soils (ECEFS)» жобасы бойынша FNCA ашық семинары өтті, оған РБЗБ РБЗ зертханасының бастығы Е.Н. Поливкина Қазақстан Республикасынан жоба жетекшісі ретінде қатысты. Семинарда Азияның 9 елінен (Жапония, Филиппин, Вьетнам, Қазақстан, Индонезия, Малайзия, Бангладеш, Тайланд, Қытай) елдік есептер ұсынылды. Семинарға қатысушылардың назарына доктор Лианагтың Жапония мен […]
Posted: 28.05.2020
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы жұмысының коммерциялық бағыттарының бірі жеке дозиметриялық бақылау (ЖДБ) жүргізу жөніндегі қызметтерді ұсыну болып табылады. Филиалдағы қолда бар жабдық бүкіл дене үшін, сол сияқты жеке мүшелер мен ұлпалар (қол, көз қарашығы) үшін сыртқы бета-, гамма-, рентген және нейтрон сәулеленуден болған жеке дозаларды анықтауға мүмкіндік береді, бұл медицинадан […]
Posted: 04.10.2022
2022 жылғы 12-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) мен Жапонияның атом энергиясы агенттігінің (JAEA) ынтымақтастығы шеңберінде бетпе-бет өткізу режимінде «Ядролық және радиологиялық аварияларға дайындық» атты жыл сайынғы тренинг-курсы өтті. Курстың мақсаты — тыңдаушыларда радиациялық авариялық жағдайға уақтылы және тиімді әрекет ету шаралары туралы базалық түсініктерді қалыптастыру, олардың дағдыларын жетілдіру және халықты […]
Posted: 15.08.2024
Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залына Ашық есік күніне барлық келем деушілерді шақырамыз. Іс-шара күні: 2024 жылғы 27 тамыз Өтетін орны: ҚР Ұлттық ядролық орталығы (Абай облысы, Курчатов қаласы, Бейбіт атом көшесі 2) Бағдарлама: Ядролық қаруды сынау тарихын көрсететін әртүрлі өлшеу құралдары, фотосуреттер, құжаттар мен макеттер қойылған экспозициялық залға экскурсия. Экскурсия барысында келушілер полигонның тарихымен, […]