Орталық Азиядағы изотоптық гидрология бойынша зертханаларды дамыту

2026 жылғы 01-04 қыркүйек аралығында Австрияның Вена қаласындағы АТЭХАГ штаб-пәтерінде Орталық Азиядағы изотоптық зертханаларды дамыту бойынша техникалық кеңес өткізіледі. Аталған кеңеске 5 елдің өкілдері қатысады: Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстан.

Аталған техникалық кеңеске ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының мониторинг және экологиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімінің бастығы А.К. Айдарханова қатысады. Осы кеңес аясында А.К. Айдарханова ҚР ҰЯО және РҚЭИ радиоэкология саласындағы қызметі, Қазақстанда изотоптық гидрологияны дамыту, изотоптық гидрология әдісін қолдану және осы саладағы жетістіктер туралы баяндама жасады.