Жарияланған: 11.03.2020
Қалыптасқан тәжірибе бойынша, біліктіліктерін жоғарылату курстарынан өткен ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері алған білімдерімен өз әріптестерімен бөлісіп отырады. Осы жолы да «Республикалық техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі академия» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) оқытудан өткен инженерлер А. Топорова мен Р. Ролланұлы 2020 жылғы 10 наурызда «Термолюминесцентті дозиметрлер мен радиациялық шығуларды өлшеулердің […]
Жарияланған: 13.11.2019
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында «Техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі республикалық академия» ЖШС ұйымдастырған «Қатер менеджменті. ISO 31000» семинары жүріп жатыр, ол 2019 жылғы 12 қарашадан 14 қарашаға дейін жалғасады. Оқытуды Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология Мемлекеттік жүйесінің сарапшы-аудиторы Н.А. Орлова жүргізеді. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қаупсіздік және экология институты» филиалынан семинарға зерттеу […]
Жарияланған: 15.04.2019
2019 жылғы 8-12 сәуір аралығында Томск ұлттық зерттеу политехникалық университетінде Табиғи ресурстардың инженерлік мектебі базасында академик Қ.И. Сәтпаевтың 120-жылдығына, профессор К.В.Радугиннің 120-жылдығына арналған академик М.А. Усов атындағы студенттер мен жас ғалымдардың «Геология мәселелері және жер қойнауын игеру» XXIII Халықаралық ғылыми симпозиумы өтті. Симпозиум бағдарламасына ғылымның түрлі саласындағы 19 секция енді, мұнда әлемнің түрлі елдерінің жас […]
Жарияланған: 02.09.2019
2019 жылғы 28-29 тамыз аралығында ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты Экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің қызметкерлері – ЭБЗ тобының бастығы м.ғ.к. Л.Б. Кенжина және маман А.О. Кенжина Семей қаласындағы «Семей медициналық университеті» КАҚ өткен жыл сайынғы «Экология. Радиация. Денсаулық» XIV Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысты. Радиациялық экология және радиациялық қауіпсіздік, клиникалық медицинаның өзекті […]
Жарияланған: 30.05.2023
НАТО №5684 «Радиологиялық апатты жағдайлардағы жаңа биологиялық және физикалық сұрыптау әдістері» жобасының шеңберінде Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкерлері: биодозиметриялық зерттеулер зертханасының бастығы медициналық ғылымдар кандидаты Л.Б.Кенжина мен зертхананың жетекші маманы Д.Б.Бияхметова Испания, Малага қаласында 2023 жылғы 15 және 18 мамыр аралығында өткен Еуропалық экологиялық мутагенез және геномика қоғамының (EEMGS2023) 51-ші Конгресіне қатысты. Аталған Конгресс […]
Жарияланған: 12.06.2017
2017 жылғы 29 мамырдан 2 маусымға дейін Литва, Вильнюс қаласында Физикалық ғылымдар мен технологиялар орталығы ұйымдастырған, ENVIRA 2017 қоршаған ортаның радиоактивтілігі жөніндегі Халықаралық конференция өтті. Конференцияда жер (атмосфера, гидросфера, биосфера және т.б.) және теңіз (теңіз суы, биота, түптік шөгінділер және т.б.) орталары зерттеулеріндегі табиғи және антропогенді радионуклидтер мен изотоптарды қолдану туралы жаңа ғылыми білімдер ұсынылған. […]
Жарияланған: 13.09.2019
Курчатов қаласына жұмыс сапарының бірінші күнінде Корея Республикасы Бірлесу министрлігінің қызметкерлері ҚР ҰЯО РМК басшылығымен кездесіп, ситуациялық орталыққа барды. Делегаттар Радиациялық қауіпсіздік және экология институтына, атап айтқанда, экожүйелерді кешенді зерттеу бөліміне, аналитикалық зерттеулер бөліміне, Семей сынақ полигоны тарихының мұражайына, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңына барды. Сондай-ақ делегаттар Атом энергиясы институты Токамак КТМ нысанына да барды.