Каспий және Арал теңіздерін зерттеу бойынша АТЭХАГ жобасы шеңберіндегі онлайн-кездесу

«Ядролық аналитикалық әдістердің көмегімен Жерорта, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің жағалауындағы аудандарды басқаруды жақсарту» RER7015 АТЭХАГ жобасының шеңберінде ағымдағы жылдың 11 ақпанында онлайн-кездесу өтті, оған Қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімі тасымал механизмдерін тәжірибелік зерттеу зертханасының бастығы А.К. Айдарханова қатысты. Кездесуде қарастырылған негізгі мәселе – қоршаған ортаға зерттеу жүргізген кезде сапа менеджменті жүйесін дамыту және жақсарту, зертханалық талдауларды орындаудың сапасын бақылау, нәтижелерді алғанда белгісіздіктерді бағалау, «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ISO/IEC 17025 сәйкес сынақ зертханаларына қойылатын талаптар. Сонымен қатар, аталған жоба аясында Каспий және Арал теңіздерінің су экожүйесін зерттеу мүмкіндігі туралы мәселе қарастырылды.