Жарияланған: 21.02.2020
2020 жылғы 17-20 ақпан аралығында «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында ҚР ҰЯО РМК жұмыскерлері үшін оқыту курстары өтті. Дәрістік және практикалық сабақтарға барлығы 41 қызметкер қатысты. Курс бағдарламасына ҚР радиациялық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық базасының сұрақтары, радиоактивтіліктің негізгі түсініктері және иондаушы сәулелендірулер […]
Жарияланған: 13.03.2024
06.02.2024 ж. ішкі №03-07/34 ҚР ҰЯО РМК бойынша өкімнің, Бас директордың 05.03.2024 ж. №33 бұйрығының орындалуы үшін Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының базасында 2024 жылы 22-24 мамыр аралығында ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ ХХIII конференция-конкурсы өткізілетін болады. Биылғы конференция-конкурс ҚР ҰЯО РМК Бірінші бас директоры Ғ.Ә. Батырбековтың туғанына 90 […]
Жарияланған: 18.11.2019
АТЭХАГ-мен техникалық ынтымақтастық жөніндегі KAZ9014 «Бұрынғы Семей сынақ полигонының (ССП) жерлерін шаруашылық қолданысқа беру жөніндегі жұмыстарды ғылыми-техникалық қолдау» жобасының шеңберінде ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы 2019 жылы жаңа «Pyrolyser-6 Trio» аналитикалық аспабын алған болатын. Аталған жабдық ядролық қаруға сынақтар жүргізген кезде қоршаған ортада басқаларымен бірге пайда болатын тритий және 14C (сондай-ақ басқа ұшпа радионуклидтер) радионуклидтерін […]
Жарияланған: 19.12.2023
15 желтоқсанда Астана қаласында «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы жыл сайын ұйымдастыратын «Қазақстанның ядролық әлеуеті» тақырыбында жас мамандарға арналған XIX халықаралық семинар өтті. ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы «Радиоэкология және геофизика мәселелері» секциясына белсенді қатысып, Институт қызметкерлерінің ауызша: Д.Б. Бияхметова «Жіті және созылмалы сәулелену сценарийі кезінде жеке сіңірілген дозаны бағалау үшін биологиялық дозиметрия әдістерін қолдану» тақырыбында […]
Жарияланған: 20.01.2021
«Топырақ-өсімдік» жүйесінде 137Cs, 90Sr, 241Am және басқа радионуклидтердің жылыстауының қарқындылығына әсер ететін процестерді сәйкестендіру мақсатында ҚР ҚЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкерлері эксперименталдық оранжерея базасында модельдік вегетациялық эксперименттер сериясын жүргізілді. Нәтижесінде салат (Lactuca sativa), бұрыш (Capsicum annuum) және томат (Solanum lycopersium) дақылдар үшін техногенді радионуклитердің жинақталу параметрлерінің мәндері алынды. ССП-ының радиоактивті ластану типі мен […]
Жарияланған: 08.11.2018
АТЭХАГ Техникалық ынтымақтастық жобаларын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 8 қарашасында ҚР Ұлттық ядролық орталығына АТЭХАГ Техникалық кооперациясы департаментінің өкілі Katherina Deufrains (Катерина Дюфрейнс) келді. Сапарының негізгі мақсаты АТЭХАГ ТЫ ұлттық жобаларын іске асыру мәселелері болып табылады, бүгінгі күнде олар бойынша Ұлттық ядролық орталығында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл «Реакторлық қондырғының ақпараттық – өлшеу жүйесін әзірлеу» […]
Жарияланған: 10.09.2021
9 қыркүйекте Семей сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналған «Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» атты IX халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады. «Радиациялық экология және медицина» секциясының жұмысына жақын және алыс шетелдің 15 елінен (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Греция, Беларусь, Польша, Қытай, Түркия, Венгрия, Әзірбайжан, Словения, Жапония, Норвегия, Австрия және Германия) […]
Жарияланған: 15.04.2019
2019 жылғы 8-12 сәуір аралығында Томск ұлттық зерттеу политехникалық университетінде Табиғи ресурстардың инженерлік мектебі базасында академик Қ.И. Сәтпаевтың 120-жылдығына, профессор К.В.Радугиннің 120-жылдығына арналған академик М.А. Усов атындағы студенттер мен жас ғалымдардың «Геология мәселелері және жер қойнауын игеру» XXIII Халықаралық ғылыми симпозиумы өтті. Симпозиум бағдарламасына ғылымның түрлі саласындағы 19 секция енді, мұнда әлемнің түрлі елдерінің жас […]