“Радиациялық апаттардың радиоэкологиялық зардаптары: ЧАЭС-тегі апаттың 35-жылдығына орай ” Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2021 жылғы 22-23 сәуір аралығында «Жалпыресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ базасында (Обнинск қ. Ресей) «Радиациялық апаттардың радиоэкологиялық зардаптары: ЧАЭС-тегі апаттың 35-жылдығына орай» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты ірі радиациялық апаттар мен ядролық сынақтардың табиғи және аграрлық экожүйелер үшін радиологиялық зардаптарын талдау және қорытындылау, ластанған аумақтарды оңалту стратегияларын дамыту және оларды қалыпты өмір жағдайларына өткізу, сондай-ақ апатты әрекет ету жүйелерін жетілдіру болды. Конференцияда әр елдің (Беларусь, Қазақстан, Ресей) ғалымдары қатысты. Конференция жұмысында зерттеулер нәтижелері келесі бағыттар бойынша баяндалды: – Радиациялық апаттар мен ядролық сынақтардың радиоэкологиялық зардаптары. – Радиоактивті ластанған аумақтарда тұратын халықтың сәулелену дозаларын бағалау және радиоэкологиялық мониторингілеу; – Радиациялық апаттар мен ядролық сынақтардың зардаптарын еңсеру. Чернобыль сабақтары; – Радиоэкологиядағы зерттеу әдістері, моделдеу және ақпараттық технологиялар. Конференция қашықтан қатысу мүмкіндігімен тікелей өтті. ҚР Ұлттық Ядролық Орталығынан конференцияда екі қызметкер – А.М. Кабдыракова (ҚР ҰЯО РМК бюджеттік бағдарламалар және кадрларды даярлау бөлімінің бастығы) мен А.Е. Кундузбаева (ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының ЭКЗБ зертхана бастығы) тікелей қатысты. Институтымыздың қызметкерлері конференцияда екі ауызша баяндама жасады:
  • «137Cs, 90Sr, 241Am және 239+240Pu радионуклидтерінің топырақ агрегаттары бойынша таралуы Семей сынақ полигонында радиоэкологиялық жағдайды бағалау факторы іспеттес» (А.М. Кабдыракова);
  • «Қазақстан Республикасында дала ландшафттарының топырағында жасанды радионуклидтерді анықтау формалары» (А.Е. Кундузбаева).
Сондай-ақ конференцияда ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалынан Е.Н. Поливкинаның (ЭКЗБ топ бастығы) «Тритийдің кристалды-байланысқан формасының өсімдіктермен сіңірілуі», Т.С. Пономареваның (ЭКЗБ маманы) «Топырақ-өсімдік» жүйесінде 137Cs және 90Sr жылыстау қарқындылығын анықтайтын факторларды Семей сынақ полигонының топырақ үлгілерін пайдаланумен сәйкестендіру» және Е.С. Сысоеваның (ЭКЗБ маман-экологы) «Семей сынақ полигонына іргелес аумақта орман төсеміндегі жасанды радионуклидтер» жұмыстары сырттай ұсынылды.