Жарияланған: 10.12.2020
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» (ҚР ҰЯО РҚЭИ) филиалының Оқыту-ақпараттандыру орталығында 2020 жылғы 07-11 желтоқсан аралығында «Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбы бойынша радиациялық қауіпсіздікті және радиациялық бақылауды қамтамасыз етуге жауапты мамандары (А тобының персоналы) үшін кезекті онлайн оқыту жүргізілуде. Филиалдың жетекші мамандары арасынан құрылған дәріскерлер құрамы радиациялық бақылау жабдықтары […]
Жарияланған: 06.11.2019
2019 жылғы 31 қазанда Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайына Курчатов қаласының № 3 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушылары мен ұстаздары келген болатын. Экскурсия барысында оқушылар өз қалаларының тарихы туралы, аса көрнекті физик-экспериментатор И.В. Курчатовтың өмірі және қызметі туралы, ядролық сынақтар және олардың зардаптары туралы көптеген қызықты мағлұматтарды біліп қайтты.
Жарияланған: 29.04.2020
Көктем аяқталған соң, далалық жұмыстардың басталар алдында негізгі назар экспедициялық жол жүрулерге: жұмыстар көлемін анықтау, іссапарларды жоспарлау, жабдықтарды дайындауға бөлінеді. Алайда бұл ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының радионуклидті талдама зертханаларына соншалықты қиындық әкелмейді, өйткені олар жыл мезгіліне қарамастан, баяу болса да тиісті түрде қоршаған орта нысандарының жүздеген сынамаларын өңдейді. Күнделікті талдамалар өте […]
Жарияланған: 27.04.2018
2018 жылғы 16-27 сәуір аралығында ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қызметкерлері Паницкий Андрей мен Каширский Владимир Ресейдің Обнинск қаласындағы Росатом Техникалық академиясында өткен АТЭХАГ «Қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі жобаларды жоспарлау, енгізу және басқару» 4-аймақтық курсына (Regional Training Course 4 on the Project Planning, Implementation and Management of Environmental Remediation Projects) қатысты. Оқыту барысында біздің […]
Жарияланған: 03.02.2023
Ғылымның кез келген бағытының маңызды құрамдасы аналитикалық жұмыстардың сапасы болып табылады, ол, оның ішінде, пайдаланылатын жабдықтардың жұмыс қабылеттілігіне байланысты. Жаңа күнтізбелік жылдың басталуы бюджеттік және келісімшарттық бағдарламалар бойынша жұмыстардың басталуын, яғни жабдықтардың аналитикалық қызметтің басталар алдындағы тиісті дайындығын білдіреді. Мұндай қызметтер тізімі ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы үшін өте ауқымды және қоршаған орта объектілерін талдаудың […]
Жарияланған: 23.01.2024
2020-2023 жылдар аралығында «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасы шеңберінде ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалы «Радиологиялық авариялық жағдайларда сұрыптаудың жаңа биологиялық және физикалық әдістері» (BioPhyMeTRE) NATO № SPS985684 халықаралық ғылыми гранттық жобасын іске асырды.
Жарияланған: 04.10.2022
2022ж. 26 және 30 қыркүйек аралығында Алматы қ. Қазақстан Республикасының Ядролық физика институтында «Ядролық ғылым және технологиялар» IV Халықаралық ғылыми форумы болып өтті. Форум Қазақстан Республикасының ЭМ ЯФИ 65-жылдығына арналды. Аталған ғылыми шараға ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының 10 жұмыскері онлайн форматта, сол сияқты офлайн форматта да қатысты. Онлайн форматта Е.Н.Поливкина […]
Жарияланған: 27.03.2023
ҚР ҰЯО РМК бас директордың м. а. С. С. Локштановтың 2023 жылғы 13 наурыздағы №53 бұйрығын орындау үшін, Курчатов қаласындағы ҚР ҰЯО РМК «Геофизикалық зерттеулер институты» филиалының базасында 2023 жылғы 30 мамыр – 1 маусым аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ XXII конференция-конкурсы өткізіледі. Ұйымдастыру комитеті және ҚР ҰЯО РМК жас […]
Жарияланған: 14.11.2019
2019 жылғы 7-9 қазан аралығында Алматы қаласында «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. ҚР ҰЯО РМК филиалынан конференция жұмысына Шатров А.Н., Кенжина Л.Б., Кривицкий П.Е., Тлеуканова Ж.Е., Актаев М.Р. қатысты. Энергия және ресурстарды сақтау, атомдық өнеркәсіпте цифрлық технологияны қолдану, сирек және сирек жер металдары мен жоғары технологиялық өнімдерді өндірудің тиімді технологиялары мен ресурстары, уран минералды-шикізатты базасын кеңейту […]