Жарияланған: 05.03.2021
Азиядағы Ядролық кооперация форумы (FNCA) шеңберінде ағымдағы жылдың 3 және 4 наурызында ядролық және изотоптық әдістерді пайдалана отырып, климаттық өзгерістерді зерттеуге арналған онлайн-кездесу өтті. Кездесуде «Ядролық изотоптық технологиялар және климаттың өзгеруі» басты тақырыбы аясындағы негізгі баяндамалардан басқа үш сессия: «Су экожүйесі», «Жер үсті экожүйесі» және «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы» бойынша мәселелер қаралды. Кездесуге әлемнің […]
Жарияланған: 23.04.2024
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында 2024 жылғы 19-20 сәуір аралығында Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов – 2024» Халықаралық Жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылатын және қазіргі қоғам дамуындағы іргелі ғылымның рөліне арналған «Ломоносов – 2024» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың XIX Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Жарияланған: 06.12.2022
2022 жылғы 02 желтоқсанда, Астана қ. «Қазақстанның ядролық потенциалы» ассоциациясының ұйымдастыруымен жыл сайынғы XVIII жастар семинары өтті. Семинарда 6 бағыт қарастырылды: ядролық өнеркәсіп саласында кадрларды даярлау; радиоэкология, геофизика мәселелері; уран өндіретін өнеркәсіпті дамыту; атом станцияларын пайдалану; заманауи ядролық физика; атом энергиясы және ядролық физика мәселелері. Семинарда Қазақстан Республикасының ҚР ҰЯО РМК, «СТХК» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, […]
Жарияланған: 06.11.2019
2019 жылғы 31 қазанда Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайына Курчатов қаласының № 3 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушылары мен ұстаздары келген болатын. Экскурсия барысында оқушылар өз қалаларының тарихы туралы, аса көрнекті физик-экспериментатор И.В. Курчатовтың өмірі және қызметі туралы, ядролық сынақтар және олардың зардаптары туралы көптеген қызықты мағлұматтарды біліп қайтты.
Жарияланған: 04.10.2022
2022 жылғы 12-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) мен Жапонияның атом энергиясы агенттігінің (JAEA) ынтымақтастығы шеңберінде бетпе-бет өткізу режимінде «Ядролық және радиологиялық аварияларға дайындық» атты жыл сайынғы тренинг-курсы өтті. Курстың мақсаты — тыңдаушыларда радиациялық авариялық жағдайға уақтылы және тиімді әрекет ету шаралары туралы базалық түсініктерді қалыптастыру, олардың дағдыларын жетілдіру және халықты […]
Жарияланған: 07.12.2018
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» алдынғы білімдерін тереңдету және кәсіпорынның бүкіл жұмысының сапасы мен тиімділігін жоғарылату үшін жаңа кәсіби білім мен дағдылар алу мақсатында өз қызметкерлерінің біліктіліктерін жоғарылатып отырады. 2018 жылғы 13-23 қараша аралығында Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы Росатом Техникалық академиясында «РЗ мен РАҚ мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйесі» оқыту курсы […]
Жарияланған: 15.06.2023
2023 жылғы 14 маусымда «Жалпыресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ, Обнинск қ. жанындағы 24.1.013.01 (Д 006.068.01) Диссертациялық кеңесте биологиялық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші Асия Еркебековна Кундузбаева «Семей сынақ полигонының топырағындағы радиоактивті ластану қалыптасуының әртүрлі жағдайлары кезіндегі жасанды радионуклидтердің қозғалғыштығын зерттеу» кандидаттық диссертациясын табысты қорғап шықты. Радиациялық қауіпсіздік және экология институтындағы өз еңбек қызметін […]
Жарияланған: 24.08.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы «Семей сынақ ядролық полигонының радиоэкологиялық ахуалы» деректер базасы-авторлық құқық нысанына құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды. Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағына қатысты ақпараттың ауқымды көлемі жинақталған, бұл түрлі ұйымдар орындаған коммерциялық жобалардың, ғылыми-зерттеу бағдарламаларының нәтижелері. Деректерді сақтау, уақытында қол жеткізу және тиімді өңдеуге қатысты мәселелерді шешу үшін, […]