ЖАСТАРДЫҢ ҮЗДІК ТӘЛІМГЕРІ!

«Еңбек жолы» – 2026 байқауының өңірлік кезеңінде «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Айдарханова Альмира Курмановнаны шын жүректен құттықтаймыз! Қазіргі уақытта Альмира Курмановна ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалындағы мониторингілеу және эколого-аналитикалық зерттеулер бөлімінің бастығы лауазымын атқарады. Бөлімде тәжірибелі тәлімгердің жетекшілігімен кәсіби дағдыларын дамытуға, практикалық тәжірибе жинақтауға және білімдерін шыңдауға мүмкіндік алған жастар әрі болашағынан зор үміт күттіретін қызметкерлер еңбек етеді.

Альмира Курмановнаға жаңа кәсіби жетістіктер, сәтті жобалар және алдағы уақытта да тек жеңістерге жете беруін тілейміз!