РҚЭИ жас мамандары – өңірлік конкурстың жеңімпаздары!

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының жас мамандары – А.А.Сарсенова, А.М. Надева және Л.Ж. Советканова жоғары оқу орындарының студенттері мен атом саласы кәсіпорындарының жас мамандары арасында өткен өңірлік эссе және бейнероликтер байқауында 1-ші орынды иеленді. Байқауға қатысушылар «Семей полигоны: қауіпсіз болашақ үшін тарих сабақтары» тақырыбында бейнеролик ұсынды. Байқау «Ядролық қауіпсіздікті нығайту, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды дамыту және өңірлік ынтымақтастық» Халықаралық форумы аясында ұйымдастырылды.

А.А. Сәрсенованы, А.М. Надеваны және Л.Ж. Советканованы лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа кәсіби жетістіктер, қызықты ғылыми жобалар және одан әрі табыстар тілейміз!