«Шәкәрім Университеті» КЕАҚ пен «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында «Техникалық физика» мамандығы студенттеріне арналған дуалды оқыту бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.
Осылайша, 4-курс студенттері — Телювбеков Данияр мен Сафаргалиев Богдан — ҚР ҰЯО РМК Радиоэкологиялық және радиациялық қауіпсіздік институтының (РҚЭИ) филиалының ядролық-физикалық талдау әдістері зертханасында оқып, бір мезгілде жұмыс істейді.
Теориялық дайындық пен қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу жабдықтарындағы тәжірибелік қызметті ұштастыру студенттерге құнды кәсіби дағдыларды меңгеруге, біліктілік деңгейін арттыруға және болашақ кәсіби жолын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.
Дуалды оқыту моделі — ғылым, білім және өндіріс интеграциясының тиімді құралы, ол түлектердің кәсіби салада алғашқы қадамдарынан бастап сұранысқа ие маман болуына ықпал етеді.


