Халықаралық жастар конференциясына қатысу

2025 жылғы 22–23 қазан аралығында «Курчатов атындағы ұлттық зерттеу орталығының» «Радиология және агроэкология жөніндегі Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты» федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінде «Ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологиялар» атты IV Халықаралық жастар конференциясы өтті. Конференция барысында радиациялық факторлардың экожүйелер мен ауыл шаруашылығына әсері, радиациялық қауіпсіздікті бағалау мен мониторингілеу әдістері сияқты өзекті мәселелер талқыланды. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы атынан «Радиоэкология мен агроэкологияның іргелі және қолданбалы аспектілері» секциясының жұмысына жас ғалымдар: Сарсенова А.А. – «Қазақстан ормандары топырағындағы көміртек изотоптарының тігінен таралу ерекшеліктері» атты баяндамасымен және Корнилаев Е.В. – «Ашық және қара қоңыр топырақтардың химиялық ластануының СО₂ шығарындыларына әсерін бағалау» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты. Конференция жаңа байланыстар орнатуға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді. Конференцияға қатысу – тек жаңа білім мен идея алу ғана емес, сонымен қатар одан әрі ғылыми ізденіске шабыт беру болып табылады.