Жарияланған: 24.04.2023
2023 жылғы 14-15 сәуір аралығында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов-2023» XVIII Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов-2023» Халықаралық жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылады және іргелі ғылымның заманауи қоғам дамуындағы рөліне арналған. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан 3 жұмыскер […]
Жарияланған: 17.04.2020
«Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында Семей сынақ полигоны (ССП) аумағын зерттеу бойынша бюджеттік және келісімшарттық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде міндеттерді орындау бойынша жұмыстар толық көлемде жүргізілуде. Картографиялық материалдарды құру және талдау: зерттеу телімдерін анықтау, сынамаларды іріктеп алу тұрақты торшасын құру, іріктеп алынған сынамаларды далалық және зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша жасанды, сол сияқты табиғи пайда […]
Жарияланған: 22.07.2022
2022 жылғы 18 және 30 шілде аралығында NATO SPS985684 «Радиологиялық/ядролық төтенше жағдайлардағы жаңа биологиялық және физикалық сұрыптау әдістері» халықаралық Жоба шеңберінде, Италиялық жаңа технологиялар, энергетика және тұрақты экономикалық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің Тұрақты даму департаментінің денсаулық және қоршаған ортаны қорғау зертханасының базасында ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының биодозиметриялық зерттеулер зертханасының қызметкерлері зертхана бастығы м.ғ.к Л.Б. Кенжинаның […]
Жарияланған: 05.06.2023
KAZ9018 «Қазақстанда ядролық және апатты жағдайларға дайындығы мен іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін биологиялық дозиметрияны дамыту» ТЫ (Техникалық ынтымақтастық) жобасының шеңберінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АТЭХАГ) миссиясы ретінде Радиациялық әсерлер департаментінің жетекшісі, Ұлыбританияның Қауіпсіздік жөніндегі агенттігінің сарапшысы Кристофер Бади 2023 жылғы 22 және 26 мамыр аралығында Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының биодозиметриялық зерттеулер зертханасына келді. […]
Жарияланған: 07.04.2020
Институттың басым деген бағыттарының бірі бұрынғы Семей сынақ полигонының радиациялық ахуалын зерттеу болып табылады. Жоспарланған жұмыстарды іске асыру үшін далалық маусым басталмас бұрын жылсайын сынамаларды іріктеу көлемін анықтау, жол жүрулерді жоспарлау, жабдықтар мен құрал-аспаптарды дайындау бойынша дайындық шаралары жүргізіледі. Айта кету керек, қаншалықты болмашы деп саналса да, сынама алу құралдарының дұрыс қайралуының өзі, жұмыстың сапасына […]
Жарияланған: 02.10.2020
2020 жылғы 1 қазанда ҚР ҰЯО жас ғалымдар мен мамандардың ХIХ жыл сайынғы ҒЗТКЖ конференция-конкурс өз жұмысын аяқтады. Осы жылы эпидемиологиялық ахуалға байланысты конкурс ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалының базасында онлайн-конференция форматында жүргізілді. Конкурста ҚР ҰЯО РМК мамандары: РҚЭИ филиалы, АЭИ филиалы мен ҚР ГЗИ РМК және ҚР ЯФИ РМК кәсіпорындарының […]
Жарияланған: 21.04.2018
2018 жылғы 20 және 21 сәуірде Астана қаласында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында Астана қаласының 20-жылдығына арналған «Ломоносов – 2018» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың ХIV халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Аталған конференцияға қатысу үшін әлемнің түрлі елдерінің жас ғалымдарынан 450 аса тезис ұсынылған болатын. Бұл іс-шараға 154 номинант қатысып, ауызша баяндамаларымен таныстырған. […]
Жарияланған: 27.12.2019
Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Курчатов қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ. Форум бағдарламасы шеңберінде «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының Ғылыми-техникалық ақпараттар бюросының (ҒТАБ) қызметкерлері Курчатов қаласының тұрғындарына Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайының жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде «Тәжірибе алаңының», ұңғымалардың, штольнялардың жарылысқа дейінгі және кейінгі мобилді макеттері ұсынылды. Сонымен қатар, ССП экожүйесінің қазіргі кездегі радиоэкологиялық ахуалы туралы […]