Жарияланған: 20.04.2018
2018 жылғы 19-20 сәуір аралығында Обнинск қаласында «МИФИ» (МИФИ ҰЗЯУ АТЭИ) Ұлттық зерттеу ядролық университеті филиалы – Атом энергетикасы институты базасында «Техногенді жүйелер және экологиялық қатер» ІІ Халықаралық (XV Аймақтық) ғылыми конференциясы өтті. Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстарында радиоэкология, ядролық және жылу энергетикасы салаларындағы өзекті мәселелер қарастырылды. «Иондаушы емес және иондаушы сәулелену әрекеттерінің экологиялық аспектілері» […]
Жарияланған: 06.03.2020
2020 ж. 5 наурызда ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының кітапханасында «Қоршаған ортаны қорғау және радиоэкологиялық ахуалы» тақырыбында кітап көрмесі өтті. Филиалдың ғылыми-зерттеу қызметі ғылымның радиоэкология, радиохимия, радиобиология, топырақтану, қоршаған ортаны мониторингілеу және т.б. сияқты бағыттарымен тығыз байланысты. Көрмедегі басылымдарда ұйымды, аумақты радиациялық-гигиеналық төлқұжаттау және радиоэкологиялық мониторингілеу, түрлі аймақтардағы радиоэкологиялық жағдай бойынша […]
Жарияланған: 18.11.2019
АТЭХАГ-мен техникалық ынтымақтастық жөніндегі KAZ9014 «Бұрынғы Семей сынақ полигонының (ССП) жерлерін шаруашылық қолданысқа беру жөніндегі жұмыстарды ғылыми-техникалық қолдау» жобасының шеңберінде ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы 2019 жылы жаңа «Pyrolyser-6 Trio» аналитикалық аспабын алған болатын. Аталған жабдық ядролық қаруға сынақтар жүргізген кезде қоршаған ортада басқаларымен бірге пайда болатын тритий және 14C (сондай-ақ басқа ұшпа радионуклидтер) радионуклидтерін […]
Жарияланған: 03.02.2023
Ғылымның кез келген бағытының маңызды құрамдасы аналитикалық жұмыстардың сапасы болып табылады, ол, оның ішінде, пайдаланылатын жабдықтардың жұмыс қабылеттілігіне байланысты. Жаңа күнтізбелік жылдың басталуы бюджеттік және келісімшарттық бағдарламалар бойынша жұмыстардың басталуын, яғни жабдықтардың аналитикалық қызметтің басталар алдындағы тиісті дайындығын білдіреді. Мұндай қызметтер тізімі ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы үшін өте ауқымды және қоршаған орта объектілерін талдаудың […]
Жарияланған: 03.06.2019
2019 жылғы 23-24 мамыр аралығында Беларусьте (Минск қ.) «2019 жылғы Сахаров оқулары: XXI-ші ғасырдың экологиялық мәселелері» 19-шы Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға Ресей, Қазақстан, Польша, Германия, Франция, Беларусь, Украина, АҚШ, Италия, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты әлемнің түрлі елдерінің ғалымдары мен мамандары қатысты. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан «Ядролық технологиялар және […]
Жарияланған: 14.06.2024
2024 жылғы 10-12 шілде аралығында Гранада қаласында (Испания) Радиацияны қолдану жөніндегі халықаралық конференция – International Conference on Radiation Applications (RAP 2024) өтті. Конференцияға әлемнің түрлі елдерінен келген радиациялық физика, химия, медицина, биология және экология саласындағы ғалымдар мен мамандар қатысты. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан «Радиоэкология» секциясына радиоэкологиялық және биодозиметриялық зерттеулер бөлімінің […]
Жарияланған: 23.01.2024
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының биодозиметриялық зерттеулер зертханасы цитогенетикалық зерттеулер тобының бастығы Минкенова Қырмызы Серікқызын кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз және қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамай, өз қызметінде табысқа, жоғары жетістіктер мен марапаттарға талаптануға тілектеспіз!