16-18 мамырдағы жас ғалымдар мен мамандардың конкурс-конференциясы

ҚР Ұлттық ядролық орталығы жас мамандарының ғылыми жұмыстары конкурсын жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Конкурстың іргелі, қолданбалы, инженерлік-техникалық бағыттарында марапаттаулар алуға қатысушылардың қызығушылықтары жылдан жылға артып келеді. 16-18 мамыр аралығында конференцияға тек ҚР Ұлттық ядролық орталығынан ғана емес, Ядролық физика институтынан, Геофизикалық зерттеулер институтынан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ және Шәкірім атындағы Мемлекеттік университеттерінен (Семей қаласы) де 43 жас ғалым мен маман өз жұмыстарын білікті әділ-қазылар алқасына ұсынған болатын. В ходе трехдневной конференции участники не только защищали свои конкурсные проекты, но и приобретали новые навыки ведения научной дискуссии, обменивались друг с другом накопленным опытом. Үшкүндік конференция барысында қатысушылар өздерінің конкурстық жобаларын қорғап қана қоймай, ғылыми пікірталастар жүргізудің жаңа дағдыларын игеріп, бір-бірімен жинақталған тәжірибелерімен алмасты. Биылғы жылы жүлделі орындар конкурс қорытындысы бойынша алты қатысушыға бөлінді, жас ғалымдардың тағы төртеуі үздік ресімделген жұмыс, жұмыстың бірегейлігі, конкурсқа белсене қатысқаны және үздік шешендік қабілеті үшін сыйлықтарға ие болды. Конференцияның қорытынды күні қосымша 15 номинация бойынша марапаттау конкурсқа қатысушылар үшін тамаша тосынсый болды. Барлық қатысушылардың жұмыстары «ҚР ҰЯО Жаршысы» журналында жарияланатын болады. Победители XVII-ой конференции-конкурса НИОКР молодых ученых и специалистов НЯЦ РК: – ҚР ҰЯО жас ғалымдары мен мамандарының ҒЗТКЖ XVII конференция – конкурсының жеңімпаздары: І орын Кривицкий Павел Евгеньевич, ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының радиоэкологиялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің инженері, «Сары-Өзен» алаңындағы радиоактивті ластанған нысандарды оңалту әдіснамасын әзірлеу» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер. ІІ орын Букина Ольга Сергеевна, ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің конструкциялық және отын материалдарын сынау зертханасының инженері, «ИГР реакторының ТБУ-отын графитін рентгенқұрылымдық зерттеу» жұмысы үшін – инженерлік-техникалық. Жапашева Жанна Ерсыновна, ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімінің инженері, «Сатылы сүзу әдісімен ССП беткі суларындағы техногенді радионуклидтерді анықтау формаларын айқындау» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер. ІІІ орын Самарханов Қуаныш Қанатұлы, ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің ішкіарналық сынақтар зертханасының инженері, «Ядролық реакциялар энергиясының оптикалық сәулелену энергиясына түрленуін зерттеу» жұмысы үшін – іргелі зерттеулер. Гречаник Алексей Дмириевич, ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының материалтану сынақтары бөлімінің конструкциялық және отын материалдарын сынау зертханасының кіші ғылыми қызметкері, «BWR ауыр апат кезінде белсенді аймақ балқымасының корпусішілік материалдармен өзара әрекетесуін эксперименттік моделдеу нәтижелері» – жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер. Жагипарова Ляйля Калыковна, ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының реакторлық қондырғыларды әзірлеу және сынау бөлімінің реакторлық отынды сынау зертханасының 2 санатты инженері, «Эксперименттік құрылғының нейтрондық-физикалық сипаттамасын есептік зерттеу» жұмысы үшін – қолданбалы зерттеулер.