Минскіде «2019 жылғы Сахаров оқулары: XXI-ші ғасырдың экологиялық мәселелері» 19-шы Халықаралық ғылыми конференциясы өтті

2019 жылғы 23-24 мамыр аралығында Беларусьте (Минск қ.) «2019 жылғы Сахаров оқулары: XXI-ші ғасырдың экологиялық мәселелері» 19-шы Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға Ресей, Қазақстан, Польша, Германия, Франция, Беларусь, Украина, АҚШ, Италия, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты әлемнің түрлі елдерінің ғалымдары мен мамандары қатысты. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан «Ядролық технологиялар және радиациялық қауіпсіздік» секциясына қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімінің қызметкері Тимонова Любовь қатысты. Баяндамада ПЯО жұмыс істеу процессінде радиоактивті газдарды анықтау және радиациялық жағдайды бағалау үшін аппаратуралық-әдістемелік қамтамасыз етуді бейімдеу бойынша жүргізілген тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері көрсетілді. Бұдан басқа, стенділік секция шеңберінде Институт қызметкерлерінің ССП радиациялық-қауіпті нысандарды мониторингілеудің биологиялық алаңдарын қолдану және Семей сынақ полигоны (ССП) аумағы үлгісінде ауа бассейніне тритийдің түсу көздерін қарастыруға арналған екі баяндамасы ұсынылды. Жалпы, конференция шеңберінде ауқымды экологиялық қатер, биомедициналық диагностика әдістері, адам мекендейтін ортаны эпидемиологиялық және гигиеналық бағалау, биоэкология, биоиндикация, радиобиология, энерготиімді технологиялар, медициналық физика және электроника бойынша тақырыптар қозғалды.