Радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімі

Бөлім қолданыстағы заңнамамен және нормативтік құжаттармен реттелетін радиациялық параметрлерді өлшеудің толық спектрін жүргізеді:

 

  • Эквивалентті дозаның қуатын бақылау.
  • Альфа-, бета- бөлшектері ағынының тығыздығын бақылау.
  • Ауадағы радон және торон еншілес өнімдерін анықтау.
  • Судағы радон құрамын анықтау.
  • Тұрғын үй және ғимараттарды салуға аумақтар телімдерін зерттеу.
  • Металл сынықтарына өндірістік радиациялық бақылау жүргізу.
  • Қатты отынның (көмір) радиоактивтілігін бағалау.

  • Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде және радиациялық апаттар жағдайларындағы радиациялық ахуалды бақылау.
  • Жұмыс беттерінің, жабдықтардың, көлік құралдарының, жеке қорғаныс құралдарының, персоналдың тері жамылғысы мен киімдерінің радиоактивті заттектермен ластану деңгейін өлшеу.
  • Гамма-сәулелену тиімді дозасының қуатын және бөлмежайға радонның түсуін төмендетуге бағытталған қорғаныс шараларын әзірлеу.
  • Өндірістік радиациялық бақылау жүйелерін әзірлеу.

Жаяу гамма-спектрометриялық түсірілім зерттеліп жатқан аумақ топырағындағы 137Cs, 241Am, Eu, 40K изотоптарының, U, 60Co, 232Th изотоптарының, Pb изотоптарының құрамын қысқа мерзімде топырақ сынамасын іріктеп алмастан бағалауға және қымбат тұратын талдауларды жүргізуге, ластанудың нақты шекараларын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелерін 15 минуттан кейін радиоактивті ластану картасы түрінде алуға болады.

Қолда бар жабдық 5 см дейінгі дәлдікпен (кәбіл каналдары орналасуын геодезиялық байланыстыру, нысандардың бұрылу нүктелерін анықтау, бұрғылау үшін нақты координаталарды анықтау және т.б.) жергілікті жердегі координаталарға дәлдігі жоғары анықтаулар жүргізуге, жоғары белгілерді анықтауға мүмкіндік береді.
Алынған деректерді рельефтің цифрлық үлгісін, жергілікті жердің 3D-үлгісін құрастыру үшін, топографиялық планшеттерді ресімдеу үшін пайдалануға болады.