Ядролық және радиологиялық авариялық жағдайларға әзірлік және ден қою мәселелері жөніндегі АТЭХАГ-тің өңірлік кеңесіне қатысу

2026 жылғы 12–16 қазан аралығында Францияда RER9161 техникалық ынтымақтастық жобасы шеңберінде Францияның Ядролық қауіпсіздік және радиациялық қорғау жөніндегі басқармасының (ASNR) қатысуымен ұйымдастырылған АТЭХАГ-тің «Ядролық немесе радиологиялық авариялық жағдайлар кезіндегі медициналық әзірлік және ден қою» атты өңірлік кеңесі өтті. Іс-шараға Еуропа өңірі елдерінің радиациялық қорғау, авариялық ден қою, денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер саласындағы ұйымдарының мамандары қатысты. Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Радиациялық қауіпсіздік және экология институтын биодозиметрия зертханасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Л.Б. Кенжина таныстырды.

Кеңес барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, ядролық және радиологиялық аварияларға ден қоюды ұйымдастыру, радиациялық мониторинг жүргізу, халықты қорғау, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету және ведомствоаралық үйлестіру мәселелері бойынша халықаралық тәсілдерді қарастырды. Сәулеленудің жеке дозаларын бағалауға, радиациялық әсердің ауқымын нақтылауға және зардап шеккендерді медициналық тексерудің басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретін биологиялық дозиметрияға ерекше назар аударылды.

Кеңеске қатысу авариялық ден қоюды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесімен, сәулелену дозаларын бағалаудың заманауи әдістерімен және биодозиметрияны радиациялық аварияларға әзірліктің ұлттық жүйелеріне интеграциялау тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді. Алынған білім мен кәсіби тәжірибе алмасу нәтижелері ғылыми-техникалық құзыреттерді дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының радиациялық қауіпсіздік және авариялық әзірлік жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.