TRICEP-2024 IX Халықаралық конференциясы

2024 жылғы 19-23 қараша аралығында Венгрияның Вонярцвашхед қаласында «Terrestrial Radioisotopes in Environment International Conference Environmental Protection (TREICEP-2024)» IX Халықаралық конференциясы өтті, оның ұйымдастырушысы University of Pannonia (Веспрем қ., Венгрия). ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан конференция жұмысына 3 қызметкер – А.Е. Кундузбаева, Ю.В. Бакланова, С.Б. Субботин қатысты. Сондай-ақ конференцияға Венгрия, Польша, Жапония, Румыния, Словакия, Қазақстан сияқты және т.б. әлемнің 15 елінің ғалымдары да қатысты.

Конференция аясында халықаралық ғалымдармен және мамандармен біздің институттың қазіргі бағыттары, ғылыми зерттеулерінің нәтижелері туралы ақпаратпен бөлісіп, сарапшылардың пікірін біліп, басқа қатысушылардың жұмыстарымен, зерттеудің жақын салаларындағы жаңа идеялар мен тәсілдермен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды.