Posted: 26.11.2018
АТЭХАГ техникалық ынтықмақтастығының бағдарламасы мемлекеттер-мүшелерге денсаулық сақтау және тамақтану, азық-түлік және ауыл шаруашылығы, су ресурстары мен қоршаған орта, атом энергиясы саласында білім жинақтау, өнеркәсіптік қолдану және оларды басқару сияқты салалардағы дамудың аса маңызды міндеттерін шешуге көмек көрсететін білімдер мен технологияларды беруге негізгі механизм болып табылады. Аталған бағдарламалар мамандардың бүкіл әлемнің кәсіпорындары мен оқу орындарында тағылымдамадан […]
Posted: 19.11.2019
2019 жылғы 11-14 қараша арлығында Жапонияда ҚР Ұлттық ядролық орталығы, Toshiba Energy Systems & Solutions Corp. и Marubeni Utility Services мамандары арасында 2-ғылыми-техникалық семинар өтті. Семинарда Fukushima АЭС апат зардаптарымен байланысты техникалық және экологиялық мәселелерді шешудегі ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды. Бүгінгі күндері алынған нәтижелер Fukushima АЭС апатты реакторларынан кориумды алу бойынша жұмыстардың белсенді фазаларын дайындауда […]
Posted: 24.04.2023
2023 жылғы 14-15 сәуір аралығында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов-2023» XVIII Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов-2023» Халықаралық жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылады және іргелі ғылымның заманауи қоғам дамуындағы рөліне арналған. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан 3 жұмыскер […]
Posted: 13.07.2019
2019 жылғы 1-12 шілде аралығында Францияның Сакле қ. Ядролық ғылымдар және технологиялар ұлттық институтының негізінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өнеркәсіпте радиотрассерлер мен гамма-сканерлеуді қолдану жөнінде тренинг ұйымдастырды. Аталған іс-шараға ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалы радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің бастығы Мустафина Евгения қатысты. Бағдарламаға радиациялық технологиялар жөніндегі Франция […]
Posted: 04.10.2019
30 қыркүйектен 4 қазанға дейін «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында оқыту курстары өтті. Дәрістік және тәжірибелік сабақтар «АЛЬЯНС-МEDICA» ЖШС мен «Үлбі металлургия зауыты» АҚ (Өскемен қ.) қызметкерлері үшін, сонымен қатар, ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының қызметкерлері үшін жүргізілді. Оқытудан жалпы 21 адам […]
Posted: 26.08.2020
2020 жылғы 10-13 тамыз аралығында Веспрем қаласында (Венгрия) VII.Terrestrial Radioisotopes in Environment International Conference on Environmental Protection (VII.TREICEP) Жер радиоизотоптарымен байланысты өзекті ғылыми мәселелерге арналған конференция өтті. Конференцияға Венгрия, Австрия, Литва, Жапония, Вьетнам, Марокко, Ресей, Қазақстан, Украина сияқты әлемнің 20 елінен ғалымдар мен мамандар қатысты. Қатысушылар онлайн форматта 73 баяндама ұсынды. VII.TREICEP конференциясына қатысушылардың баяндамаларында […]
Posted: 26.01.2024
17 және 19 қаңтар аралығында Алматы қаласында, «Ядролық физика институты» РМК Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының (ЯҚОО) базасында, АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық әкімшілігінің ядролық оқыс оқиғалар саласындағы саясат пен ынтымақтастық басқармасы «Жетілдірілген спектралды радиологиялық компьютерлік жүйеге (SPARCS) оқу және техникалық қызмет көрсету» семинарын өткізді, онда ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының радиологиялық зерттеулер бөлімінің бастығы В.В.Божко қатысты.