Курс жұмысына үш жапон сарапшысы (JAEA кадрларды дайындау жөніндегі орталығының қызметкерлері), он қазақстандық сарапшы (ҚР ҰЯО қызметкерлері) және ҚР ҰЯО жұмыскерлері арасынан қырық төрт тыңдаушы қатысты. Сарапшылар мен нұсқаушылар он сегіз дәріс оқыды.
Аталған курс 2012 жылдан бері жыл сайын жүргізілуде. Сегіз жыл ішінде бұл курста ҚР ҰЯО 128 жұмыскері оқытудан өтті.


