ҚР ҰЯО қызметкерлері жыл сайынғы XIV Халықаралық “Экология. Сәуле. Денсаулық”
02.09.2019
2019 жылғы 28-29 тамыз аралығында ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты Экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің қызметкерлері – ЭБЗ тобының бастығы м.ғ.к. Л.Б. Кенжина және маман А.О. Кенжина Семей қаласындағы «Семей медициналық университеті» КАҚ өткен жыл сайынғы «Экология. Радиация. Денсаулық» XIV Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысты.
Радиациялық экология және радиациялық қауіпсіздік, клиникалық медицинаның өзекті мәселелері, медицинадағы зертханалық диагностиканың қазіргі заманғы мәселелері, экологиялық жағынан сәтсіз аумақтарда тұратын тұрғындардың науқастануын емдеу, алдын алу және оңалту, жас ғалымдар секциялары, стенділік баяндамалар Конференцияның ғылыми тақырыптары болды. Конференция жұмысына Жапония, Түркия, Ресей, Қазақстан және басқа да елдердің жетекші ғалымдары қатысты.
ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты қатысушыларының сөз сөйлеулері «Семей медициналық университеті» КАҚ Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты базасында «Радиациялық экология және радиациялық қауіпсіздік» секциясында өтті. Цитогенетикалық биологиялық дозиметрия тақырыбына шетелдік және отандық ғалымдар аса қызығушылық танытты, оған сансыз сұрақтар мен ұзақ пікірталас куә болды.