Posted: 30.08.2023
2023 жылғы 28 тамызда Шәкәрім университетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен «Семей ядролық полигоны: ғылым және әлеумет» Халықаралық дөңгелек үстелін өткізді. Сондай-ақ министрлік, Абай облысы мен Семей қаласы әкімдіктерінің өкілдері, ғалымдар, медициналық жұмыскерлер, өндіріс инженерлері және басқалар қатысты. Спикерлердің бірі ретінде «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан ҚР ҰЯО […]
Posted: 19.04.2022
2022 жылғы 15-16 сәуірде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов – 2022» Халықаралық Жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылатын және қазіргі заманғы қоғамның дамуындағы іргелі ғылымның рөліне арналған «Ломоносов – 2022» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың XVII Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология […]
Posted: 05.03.2021
Азиядағы Ядролық кооперация форумы (FNCA) шеңберінде ағымдағы жылдың 3 және 4 наурызында ядролық және изотоптық әдістерді пайдалана отырып, климаттық өзгерістерді зерттеуге арналған онлайн-кездесу өтті. Кездесуде «Ядролық изотоптық технологиялар және климаттың өзгеруі» басты тақырыбы аясындағы негізгі баяндамалардан басқа үш сессия: «Су экожүйесі», «Жер үсті экожүйесі» және «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы» бойынша мәселелер қаралды. Кездесуге әлемнің […]
Posted: 08.11.2019
2019 жылғы 16-18 қазан аралығында Швейцарияда (Шварценбург қ.) ALMERA аналитикалық зертханалар желісі өкілдерінің үйлестіру кездесуі өтті. Іс-шара АТЭХАГ қолдауымен Тұрғындарды ядролық, биологиялық және химиялық қатерлер мен қауіптіліктерден қорғау институтының (Spiez Laboratory) базасында жүргізілді. Кездесу барысында зертханалардың жыл сайынғы кәсіби тестілерінің нәтижелері қарастырылды. Қысқа мерзімді гамма-сәуле шығарушы радионуклидтердің белсенділіктерін анықтау және қоршаған ортаның түрлі үлгілерінің жиынтық […]
Posted: 26.03.2018
1 наурызда ХҒТО-ның қосалқы мердігері ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы болып табылатын «Семей сынақ полигонындағы жалпы экологиялық жағдайды қалыптастыруға химиялық токсиканттардың әсерін зерттеу» жобасы бастау алды. Аталған жоба Астана қаласында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың бас офисінің ашылуы кезінен бастап Қазақстанда жүзеге асырылатын бірінші жобалардың бірі болып табылады. Оның мақсаты – Семей сынақ […]
Posted: 07.12.2017
Филиал басшысы Сергей Лукашенконы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының финалына өтуімен құттықтаймыз. Аталған жоба мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының шеңберіндегі, сонымен қатар, қоғамның көңілін замандастар тарихына аудартуға арналған бастамасы болған. «Қазақстанның 100 жаңа есімі – жетістіктер тарихы» жобасына өтінімдерді іріктеудің мақсаты мен басты критерийі егемен Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосқан ең лайықты азаматтарды […]
Posted: 05.11.2019
2019 жылғы 28 қазанда келу бағдарламасының шеңберінде Ирландиядан келген БҰҰ өкілдері Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайында болып қайтты. Мұражай қонақтары полигонның құрылу және даму тарихымен, ядролық сынақтардың жүргізілу ерекшеліктерімен және ССП аумағындағы қазіргі кездегі радиациялық ахуалмен танысты.