Posted: 08.06.2023
2023 жылғы 29 мамырдан 02 маусымға дейінгі кезеңде Грециялық теңіз зерттеулер орталығында Грецияда, Анависсос қаласында радиацияны қолдану жөніндегі «RAP-2023» Халықаралық конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты иондаушы және иондаушы емес сәулеленуді қолдану мәселелерімен айналысатын зерттеушілер мен мамандарға нәтижелерін талқылап, іс-тәжірибелерімен алмасу үшін форум ұсыну болды. Конференцияның тақырыбы физика, химия, биология, медициналық ғылымдар, техника мен қоршаған орта туралы […]
Posted: 26.01.2024
17 және 19 қаңтар аралығында Алматы қаласында, «Ядролық физика институты» РМК Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының (ЯҚОО) базасында, АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық әкімшілігінің ядролық оқыс оқиғалар саласындағы саясат пен ынтымақтастық басқармасы «Жетілдірілген спектралды радиологиялық компьютерлік жүйеге (SPARCS) оқу және техникалық қызмет көрсету» семинарын өткізді, онда ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының радиологиялық зерттеулер бөлімінің бастығы В.В.Божко қатысты.
Posted: 20.06.2019
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы үшін келісімшарттық негізде өндірістік, дипломалды іс-тәжірибелерді ұйымдастыру дәстүрге айналған, айта кететіні, тек Қазақстанның оқу орындарынан ғана емес, студенттер ТМД елдерінен де келуде. Атап айтсақ, екінші жыл қатарынан Аналитикалық зерттеулер бөлімінде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультеті радиохимия кафедрасының 5 курс студенттері іс-тәжірибеден өтеді. Биылғы […]
Posted: 29.10.2018
Радиациялық қауіпсіздік және экология институтын (РҚЭИ) құру туралы ой Семей ядролық сынақ полигоны (ССП) жабылған соң полигонның зерттеу орталығы ретінде жаңа құрылым болып қалыптасуы барысында келді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ССП жабу туралы Жарлығы 1991 жылы 29 тамызда жарияланды, ал 1992 жылдың мамыр айында ҚР Министрлер Кабинетінің № 779 «ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Атом энергиясының […]
Posted: 08.09.2021
«Радиациялық экология және медицина» секциясы жұмысының алғашқы күнінде жақын және алыс шетелдің 8 елінен (Греция, Беларусь, Венгрия, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Польша, Түркия) радиобиология және радиациялық медицина саласындағы 70-тен астам маман қатысты. Секция бұрынғы конференциялардың дәстүрлері мен жоспарларын жалғастырды. Негізгі нәтиже ғылыми идеяларды апробациялау және әртүрлі ғылыми, білім беру, өндірістік, оқу және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, жас […]
Posted: 26.04.2023
Жапондық Атом Энергетикасы жөніндегі Агенттігінің (JAEA) келісімі бойынша «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (ҚР ҰЯО РМК) атом энергиясын бейбіт пайдалану саласында персоналды даярлау жөніндегі міндеттемелерін орындау мақсатында 2023 жылғы 17 және 21 сәуір аралығында кәсіпорын жұмыскерлерінің арасынан дәріскерлер мен нұсқаушыларды қамтыған «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» жыл сайынғы тренинг-курсы іштей форматта өтті. […]
Posted: 15.02.2021
«Ядролық аналитикалық әдістердің көмегімен Жерорта, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің жағалауындағы аудандарды басқаруды жақсарту» RER7015 АТЭХАГ жобасының шеңберінде ағымдағы жылдың 11 ақпанында онлайн-кездесу өтті, оған Қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімі тасымал механизмдерін тәжірибелік зерттеу зертханасының бастығы А.К. Айдарханова қатысты. Кездесуде қарастырылған негізгі мәселе – қоршаған ортаға зерттеу жүргізген кезде сапа менеджменті жүйесін дамыту және […]