Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми қызметкерінің сапары

Ғылыми-өндірістік базамен, аналитикалық өлшеулерді жүргізу әдістемесімен танысу, сондай-ақ ұзақ мерзімді өзара пайдалы қарым-қатынастарды құру үшін 2022 жылғы 8 қарашада Филиалға «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» АЕҚ биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының ғылыми қызметкері Валентина Николаевна Николаева келді. Сапар барысында қонақ үшін ССП тарихының экспозициялық залына, зертханалық корпустарға және тәжірибелік оранжереяға экскурсиялар ұйымдастырылды. Семинар барысында Валентина Николаевна Аманжолов ат. ШҚМУ биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының ғылыми қызметінің негізгі бағыттарын ұсынды, сонымен қатар, ұжыммен де танысу өтті. Кездесу барысында жоғары радиациялық аяның жағдайларында ауылшаруашылық дәнді дақылдарды оқып-зерттеудің бірлескен зерттеулерін жүргізу және тиісті ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға, оның ішінде, ҚР БҒМ гранттық жобаларына дайындық мәселелері талқыланды.