Posted: 27.05.2022
2022 ж. 16 және 20 мамыр аралығында RER7013 «Жерасты суларының ресурстарын бағалау және жерасты және жербеткі суларының климаттың өзгеруіне бейімделу контекстіндегі өзара әрекеті» АТЭХАГ аймақтық техникалық ынтымақтастық жобасының шеңберінде Краков қ. (Польша) ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан қоршаған ортаның мониторинг жүйелерін әзірлеу бөлімінің инженері Т.Ж. Тоқтағанов қатысқан Аймақтық үйлестіру жиналысы болып […]
Posted: 26.01.2024
17 және 19 қаңтар аралығында Алматы қаласында, «Ядролық физика институты» РМК Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының (ЯҚОО) базасында, АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық әкімшілігінің ядролық оқыс оқиғалар саласындағы саясат пен ынтымақтастық басқармасы «Жетілдірілген спектралды радиологиялық компьютерлік жүйеге (SPARCS) оқу және техникалық қызмет көрсету» семинарын өткізді, онда ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының радиологиялық зерттеулер бөлімінің бастығы В.В.Божко қатысты.
Posted: 23.01.2024
2020-2023 жылдар аралығында «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасы шеңберінде ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалы «Радиологиялық авариялық жағдайларда сұрыптаудың жаңа биологиялық және физикалық әдістері» (BioPhyMeTRE) NATO № SPS985684 халықаралық ғылыми гранттық жобасын іске асырды.
Posted: 26.04.2023
Жапондық Атом Энергетикасы жөніндегі Агенттігінің (JAEA) келісімі бойынша «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (ҚР ҰЯО РМК) атом энергиясын бейбіт пайдалану саласында персоналды даярлау жөніндегі міндеттемелерін орындау мақсатында 2023 жылғы 17 және 21 сәуір аралығында кәсіпорын жұмыскерлерінің арасынан дәріскерлер мен нұсқаушыларды қамтыған «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» жыл сайынғы тренинг-курсы іштей форматта өтті. […]
Posted: 05.03.2021
Азиядағы Ядролық кооперация форумы (FNCA) шеңберінде ағымдағы жылдың 3 және 4 наурызында ядролық және изотоптық әдістерді пайдалана отырып, климаттық өзгерістерді зерттеуге арналған онлайн-кездесу өтті. Кездесуде «Ядролық изотоптық технологиялар және климаттың өзгеруі» басты тақырыбы аясындағы негізгі баяндамалардан басқа үш сессия: «Су экожүйесі», «Жер үсті экожүйесі» және «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы» бойынша мәселелер қаралды. Кездесуге әлемнің […]
Posted: 27.12.2019
Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Курчатов қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ. Форум бағдарламасы шеңберінде «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының Ғылыми-техникалық ақпараттар бюросының (ҒТАБ) қызметкерлері Курчатов қаласының тұрғындарына Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайының жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде «Тәжірибе алаңының», ұңғымалардың, штольнялардың жарылысқа дейінгі және кейінгі мобилді макеттері ұсынылды. Сонымен қатар, ССП экожүйесінің қазіргі кездегі радиоэкологиялық ахуалы туралы […]
Posted: 20.09.2019
2019 жылғы 19 қыркүйекте Өскемен қаласында Үлбі металлургия зауытының Көрмелік-ақпараттық орталығында «Жастар. Ғылым. Инновациялар» ІІІ Жастар ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Конференцияға «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Инкай» ЖШС, «Машзавод» ЖШС, «Казцинк» ЖШС сияқты Қазақстан Республикасының түрлі кәсіпорындарының ғалымдары мен мамандары қатысты. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан: Зерттеу деректерін талдау тобының 1 санатты технигі […]