Чех Республикасымен серіктестікті орнату

3-5 қыркүйек аралығында, Қазақстан Республикасына келулері шеңберінде, Чех Республикасының делегациясы Ұлттық ядролық орталыққа және «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалына келген еді, делегация құрамына ядролық энергетика саласында жұмыс істейтін ең беделді чех мемлекеттік және жеке мекемелер мен компаниялар өкілдері енген. Бұл Чехиядан ҰЯО келген бірінші ресми делегация еді. Қонақтар Семей Сынақ полигоны мұражайына келіп, қызықты да әсерлі көрсетілім үшін алғыстарын білдірді. Институт жүргізіп жатқан жұмыстармен жақынырақ танысу үшін 27 зертханалық корпуста экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар, чех өкілдеріне Семей сынақ полигоны «Тәжірибе даласы» алаңындағы «фермерлік шаруашылыққа» және бірінші ядролық жарылыс эпицентріне, «Байкал-1» КИР және Токомак КТМ стенділік кешеніне таныстыру сапары ұйымдастырылды. Техникалық кездесулерде атом энергиясын бейбітшілік мақсатта пайдалану, уран өнеркәсібі, ядролық медицина саласында Қазақстан және Чех Республикасы арасындағы ары қарайғы серіктестікке арналған жобалар талқыланды. Делегация басшысы Зденек Збытек Қазақстан Республикасымен және Ұлттық ядролық орталығымен тығыз серіктестікті орнатуға аса қызығушылық танытты.