Жарияланған: 02.10.2019
2019 жылғы 1 қазанда ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институтында егде адамдарды және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау үшін қайырымдылық акциясы өтті. Қарттар күні құрметіне РҚЭИ 25 зейнеткеріне, Курчатов қаласының үш зейнеткеріне және РҚЭИ қамқорлығындағы Ұлы Отан соғысының ардагері-зейнеткер Г.А. Долгинцевке ақшалай сыйлықтар ұсынылды.
Жарияланған: 27.04.2018
2018 жылғы 16-27 сәуір аралығында ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қызметкерлері Паницкий Андрей мен Каширский Владимир Ресейдің Обнинск қаласындағы Росатом Техникалық академиясында өткен АТЭХАГ «Қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі жобаларды жоспарлау, енгізу және басқару» 4-аймақтық курсына (Regional Training Course 4 on the Project Planning, Implementation and Management of Environmental Remediation Projects) қатысты. Оқыту барысында біздің […]
Жарияланған: 15.04.2019
2019 жылғы 8-12 сәуір аралығында Томск ұлттық зерттеу политехникалық университетінде Табиғи ресурстардың инженерлік мектебі базасында академик Қ.И. Сәтпаевтың 120-жылдығына, профессор К.В.Радугиннің 120-жылдығына арналған академик М.А. Усов атындағы студенттер мен жас ғалымдардың «Геология мәселелері және жер қойнауын игеру» XXIII Халықаралық ғылыми симпозиумы өтті. Симпозиум бағдарламасына ғылымның түрлі саласындағы 19 секция енді, мұнда әлемнің түрлі елдерінің жас […]
Жарияланған: 15.08.2023
Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы барлық ниет білдірушілерді 2023 жылғы 24 тамызда Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залына шақырады. Экскурсия кестесі: 10.00-ден 12.00-ге дейін қазақ және орыс тілдерінде, 14.30-дан 16.30-ға дейін ағылшын тілінде. Ниет білдірушілер өтінімдерін 2023 жылғы 18 тамызға дейінгі мерзімде аты-жөнін, келетін уақытын көрсете отырып беруі, […]
Жарияланған: 29.07.2019
2019 жылғы 21-24 мамыр аралығында АҚШ МО URS/АУУ қолдауымен Үлбі металлургия зауыты негізінде АТЭХАГ әзірлеген сценарий бойынша командалық-штабтық оқытулар жүргізілді. Аталған іс-шараға АҚШ, Ресей және Қазақстан мамандары қатысты, «ҚР ҰЯО» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан радиациялық зерттеулер және экожүйелерді қалпына келтіру бөлімінің технигі Захаров Вадим Сергеевич қатысты. Оқытулар ведомстволық бөлімшелер (Ұлттық гвардия, Ұлттық […]
Жарияланған: 02.10.2020
2020 жылғы 1 қазанда ҚР ҰЯО жас ғалымдар мен мамандардың ХIХ жыл сайынғы ҒЗТКЖ конференция-конкурс өз жұмысын аяқтады. Осы жылы эпидемиологиялық ахуалға байланысты конкурс ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалының базасында онлайн-конференция форматында жүргізілді. Конкурста ҚР ҰЯО РМК мамандары: РҚЭИ филиалы, АЭИ филиалы мен ҚР ГЗИ РМК және ҚР ЯФИ РМК кәсіпорындарының […]
Жарияланған: 23.02.2024
2024 жылғы 15 және 22 ақпан аралығында «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері В.В. Божко, С.П. Левченко және А.В. Топорова ядролық энергетика объектілері мен ластанған аумақтар орналасқан ауданда тұрғындар мен биотаға түсетін дозалық жүктемені болжау саласында тәжірибе алмасу бойынша семинарға қатысты.
Жарияланған: 26.09.2019
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК 2019 жылғы 20 қыркүйекте БҰҰ стипендиаттарын кезекті рет қабылдады. Қонақтар ҚР ҰЯО РМК қызметімен танысты. Семей сынақ поигоны мұражайында және «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болды. Жыл сайын БҰҰ стипендиаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына келеді. Сапар барысында қонақтар Семей сынақ полигонының тарихымен танысып, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болып қайтты. […]
Жарияланған: 06.11.2019
2019 жылғы 31 қазанда Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайына Курчатов қаласының № 3 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушылары мен ұстаздары келген болатын. Экскурсия барысында оқушылар өз қалаларының тарихы туралы, аса көрнекті физик-экспериментатор И.В. Курчатовтың өмірі және қызметі туралы, ядролық сынақтар және олардың зардаптары туралы көптеген қызықты мағлұматтарды біліп қайтты.