Posted: 23.01.2024
2020-2023 жылдар аралығында «Ғылым бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасы шеңберінде ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалы «Радиологиялық авариялық жағдайларда сұрыптаудың жаңа биологиялық және физикалық әдістері» (BioPhyMeTRE) NATO № SPS985684 халықаралық ғылыми гранттық жобасын іске асырды.
Posted: 23.01.2024
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының биодозиметриялық зерттеулер зертханасы цитогенетикалық зерттеулер тобының бастығы Минкенова Қырмызы Серікқызын кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз және қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамай, өз қызметінде табысқа, жоғары жетістіктер мен марапаттарға талаптануға тілектеспіз!
Posted: 07.08.2020
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) – бұл Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан және Грузия ғалымдарының ЕО, Жапония, Корея Республикасы, Норвегия, АҚШ және басқа елдердің ғылыми орталықтарындағы әріптестерімен іскерлік байланысын орнататын үкіметаралық ұйым. ХҒТО халықаралық ғылыми жобаларды іске асыруға септігін тигізеді және ғаламдық ғылыми және іскер қауымдастыққа бірлескен даму және жетекші пәнаралық зерттеулер жүргізу үшін бірегей ғылыми ноу-хауға […]
Posted: 16.10.2024
Бүгін Ұлттық ядролық орталықта жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының XXIII конференция-конкурсы өз жұмысын бастады. Биылғы жылы конференция біздің кәсіпорынның бірінші бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ғаділет Андиянович Батырбековтың туғанына 90 жыл толуына орайластырылды. Конференцияға Ұлттық ядролық орталықтың, Ядролық физика институтының, «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ, Shakarim University (Семей қ.) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ […]
Posted: 01.02.2020
2020 жылғы 31 қаңтарда қалалық мәдениет үйінде «Семей сынақ полигонына экскурсия» ғылыми жобасы көрсетілді. ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты филиалының қызметкерлері Семей сынақ полигонының (ССП) тарихына, ССП қазіргі кездегі радиоэкологиялық ахуалына арналған ақпаратты ұсынды. Келушілер КСРО алғашқы жерүсті ядролық сынағы жүргізілген «Тәжірибе даласы» сынақ алаңының макетімен, сонымен қатар, жерасты сынақтары жүргізілген «Штольнялар» […]
Posted: 05.11.2019
2019 жылғы 28 қазанда келу бағдарламасының шеңберінде Ирландиядан келген БҰҰ өкілдері Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайында болып қайтты. Мұражай қонақтары полигонның құрылу және даму тарихымен, ядролық сынақтардың жүргізілу ерекшеліктерімен және ССП аумағындағы қазіргі кездегі радиациялық ахуалмен танысты.
Posted: 21.09.2018
2018 жылғы 17-21 қыркүйек аралығында Ресей, Санкт-Петербург қаласында Ресей ғылымдар академиясы «Росатом» Мемлекеттік корпорациясымен және «В.Г. Хлопин атындағы радий институты» АҚ бірлесе ұйымдастырған халықаралық қатысумен «РАДИОХИМИЯ-2018» IX Ресей конференциясы өтті. Радиохимия жөніндегі Ресей ғылыми конференциясы жетекші ресей ғылыми және технологиялық орталықтарында үш жылда бір рет өткізілетін дәстүрлі іс-шара болып табылады. 2018 жылғы іс-шара Ресей, Беларусь, […]
Posted: 11.10.2018
2018 жылғы 27 және 28 қыркүйекте Гомель қаласында Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Радиобиология институты базасында «Радиобиология: Өзекті мәселелер» Халықаралық ғылыми конференциясы өтті, оған түрлі елдердің (Беларусь, Қазақстан, Литва, Ресей, Швеция, Жапония) ғалымдары қатысты. Ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институтынан конференция жұмысына Н.В. Ларионова және А.Е. Кундузбаева қатысты, олар «Семей полигонындағы ядролық […]