- «Ауылшаруашылығы жануарларының сүйек ұлпаларындағы стронций-90 құрамын тірі кезінде бағалау» (Байғазы Сымбат);
- «Радиоактивті ластанған аумаққа жер жырту әдісімен рекультивациялау жүргізудің тиімділігін бағалау» (Байсеркенова Токжан);
- «ССП табиғи көлдеріндегі радиоактивті ластанудың таралуын зерттеу» (Мамырбаева Айнур);
- «Сынақ полигоны аумағында ластанған сулардың қалыптасу жағдайларын зерттеу» (Тоқтағанов Тоғжан).
«Ломоносов – 2018» конференциясы бойынша есеп
21.04.2018
2018 жылғы 20 және 21 сәуірде Астана қаласында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында Астана қаласының 20-жылдығына арналған «Ломоносов – 2018» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың ХIV халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Аталған конференцияға қатысу үшін әлемнің түрлі елдерінің жас ғалымдарынан 450 аса тезис ұсынылған болатын. Бұл іс-шараға 154 номинант қатысып, ауызша баяндамаларымен таныстырған. Пленарлық отырыс жеті секцияда өтті. «Аймақтық экорлогиялық мәселелер: заманауи әдістер мен тәсілдер» секциясына ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының жас ғалымдары қатысты және келесі тақырыптар бойынша 4 ауызша баяндама ұсынды: