Posted: 06.11.2019
2019 жылғы 31 қазанда Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайына Курчатов қаласының № 3 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушылары мен ұстаздары келген болатын. Экскурсия барысында оқушылар өз қалаларының тарихы туралы, аса көрнекті физик-экспериментатор И.В. Курчатовтың өмірі және қызметі туралы, ядролық сынақтар және олардың зардаптары туралы көптеген қызықты мағлұматтарды біліп қайтты.
Posted: 12.05.2018
12 мамыр, сенбі күні, Семей қаласының Жастар сарайында TEDx Semey екінші лицензиялық конференциясы өтті. TEDx конференциялары «Таратуға лайықты идеялар» TED миссиясы аясында құрылған болатын. Аталған конференциялардың негізгі мақсаты – жергілікті қоғамдастықтарға, ұйымдарға және жеке кәсіпкерлерге тәжірибелерімен TEDx форматында бөлісу мүмкіндігін беру. Биылғы жылы конференция «Just do it!» үндеуімен өтті. Спикерлер арасынан ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық […]
Posted: 05.09.2017
2017 жылғы 23-24 тамыз аралығында Астанада «Әлемдік Ядролық тәртіп: Қауіпсіздіктің ауқымды және аймақтық мәселелері және серіктестік келешегі» 10-шы халықаралық студенттік/жасөспірімдер Пагуош (ISYP) конференциясы өтті. Халықаралық студенттік/жасөспірімдік Пагуош қозғалысы — бұл Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері (1995 жыл), Пагуош Ғалымдар Қозғалысымен қауымдастырылған тәуелсіз ұйым. Аталған конференция қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпаумен байланысты мәселелер мен сұрақтардың кең […]
Posted: 26.09.2019
«Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК 2019 жылғы 20 қыркүйекте БҰҰ стипендиаттарын кезекті рет қабылдады. Қонақтар ҚР ҰЯО РМК қызметімен танысты. Семей сынақ поигоны мұражайында және «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болды. Жыл сайын БҰҰ стипендиаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына келеді. Сапар барысында қонақтар Семей сынақ полигонының тарихымен танысып, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында болып қайтты. […]
Posted: 18.11.2019
АТЭХАГ-мен техникалық ынтымақтастық жөніндегі KAZ9014 «Бұрынғы Семей сынақ полигонының (ССП) жерлерін шаруашылық қолданысқа беру жөніндегі жұмыстарды ғылыми-техникалық қолдау» жобасының шеңберінде ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы 2019 жылы жаңа «Pyrolyser-6 Trio» аналитикалық аспабын алған болатын. Аталған жабдық ядролық қаруға сынақтар жүргізген кезде қоршаған ортада басқаларымен бірге пайда болатын тритий және 14C (сондай-ақ басқа ұшпа радионуклидтер) радионуклидтерін […]
Posted: 16.05.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы жас мамандарының ғылыми жұмыстары конкурсын жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Конкурстың іргелі, қолданбалы, инженерлік-техникалық бағыттарында марапаттаулар алуға қатысушылардың қызығушылықтары жылдан жылға артып келеді. 16-18 мамыр аралығында конференцияға тек ҚР Ұлттық ядролық орталығынан ғана емес, Ядролық физика институтынан, Геофизикалық зерттеулер институтынан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ […]
Posted: 05.10.2022
ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Ғ. Батырбековтың 22.02.2022 ж. № 03-07/44іш. өкімін орындау үшін Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының базасында 2022 жылғы 12-14 қазан аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары мен мамандарының XХI конференция-конкурсы өткізіледі. ҚР ҰЯО РМК ұйымдастыру комитеті мен жас ғалымдар мен мамандар кеңесі ҚР ҰЯО РМК филиалдарының, […]