Posted: 26.02.2021
2021 жылғы 22, 24-26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) мен Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (JAEA) ынтымақтастығы аясында онлайн-режімінде «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» тоғызыншы жыл сайынғы тренинг-курсы өтті. Курстың мақсаты – тыңдаушылардың радиациялық апаттық жағдайға уақытында және тиімді әрекет ету шаралары туралы базалық түсініктерін қалыптастыру, олардың дағдыларын жақсарту және тұрғындарды қорғау […]
Posted: 21.09.2018
2018 жылғы 17-21 қыркүйек аралығында Ресей, Санкт-Петербург қаласында Ресей ғылымдар академиясы «Росатом» Мемлекеттік корпорациясымен және «В.Г. Хлопин атындағы радий институты» АҚ бірлесе ұйымдастырған халықаралық қатысумен «РАДИОХИМИЯ-2018» IX Ресей конференциясы өтті. Радиохимия жөніндегі Ресей ғылыми конференциясы жетекші ресей ғылыми және технологиялық орталықтарында үш жылда бір рет өткізілетін дәстүрлі іс-шара болып табылады. 2018 жылғы іс-шара Ресей, Беларусь, […]
Posted: 16.05.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы жас мамандарының ғылыми жұмыстары конкурсын жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Конкурстың іргелі, қолданбалы, инженерлік-техникалық бағыттарында марапаттаулар алуға қатысушылардың қызығушылықтары жылдан жылға артып келеді. 16-18 мамыр аралығында конференцияға тек ҚР Ұлттық ядролық орталығынан ғана емес, Ядролық физика институтынан, Геофизикалық зерттеулер институтынан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ […]
Posted: 12.07.2018
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы келісімшартық негізде тек Қазақстан оқу орындарының ғана емес, ТМД елдерінің студенттеріне де өндірістік, дипломалды іс-тәжірибелерін ұйымдастырады. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен жасалған келісімшарт шеңберінде 2018 жылғы 01 маусымнан 12 шілдеге дейін 5 курс студенті – Александра Рожковаға «Радиохимия» мамандығы бойынша аналитикалық зерттеулер бөлімінде өндірістік іс-тәжірибе […]
Posted: 06.09.2023
2023 жылғы 28-29 тамыз аралығында Семей қаласында көрнекті ғалым Б.А. Атчабаровты еске алуға арналған және «Семей медицина университеті» КАҚ 70 жылдығына орай ұйымдастырылған XVI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шара Қазақстанның ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде Жапония, Франция, Үндістан, Ресей және басқа да елдердің жетекші ғалымдары, дәрігерлері мен қоғам қайраткерлерінің басын қосты. Конференция клиникалық […]
Posted: 20.01.2021
«Топырақ-өсімдік» жүйесінде 137Cs, 90Sr, 241Am және басқа радионуклидтердің жылыстауының қарқындылығына әсер ететін процестерді сәйкестендіру мақсатында ҚР ҚЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкерлері эксперименталдық оранжерея базасында модельдік вегетациялық эксперименттер сериясын жүргізілді. Нәтижесінде салат (Lactuca sativa), бұрыш (Capsicum annuum) және томат (Solanum lycopersium) дақылдар үшін техногенді радионуклитердің жинақталу параметрлерінің мәндері алынды. ССП-ының радиоактивті ластану типі мен […]
Posted: 23.02.2018
2018 жылғы 21 ақпанда жас буынды туған елінің тарихымен және ерекшелігімен ақпараттандыру, сонымен қатар, Ұлттық ядролық орталығы және оның қызметімен таныстыру мақсатында, Курчатов қаласы № 4 мектебінің жоғарғы сыныптары оқушылары мен «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК жас мамандарының кездесуі өтті. Оқушылар назарына ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының ғылыми қызметкері Арман Миниязов пен […]
Posted: 23.01.2024
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының биодозиметриялық зерттеулер зертханасы цитогенетикалық зерттеулер тобының бастығы Минкенова Қырмызы Серікқызын кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз және қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамай, өз қызметінде табысқа, жоғары жетістіктер мен марапаттарға талаптануға тілектеспіз!