Масс-спектрометрия саласындағы іргелі білім

«Шығыс Қазақстанның тау-кен аудандарының геожүйелерін трансформациялау көрсеткіші ретінде шағын өзендерді экологиялық бағалау» AP19576259 ЖТН жобасын іске асыру шеңберінде МЭАЗБ элементтік талдау зертханасының инженерлері В.В. Колбин және Е.З. Шакенов 2023 жылғы 30 қазаннан 2023 жылғы 03 қарашаға дейін «Росатом техникалық академиясы» ҚКБ АКҰ-да (Обнинск қ., Ресей) өткен «Индуктивті байланысқан плазмамен масс-спектрометрия әдісін практикалық қолдану негіздері» біліктілікті арттыру курстарынан, «Росатом техникалық академиясының» белгіленген үлгідегі сертификатын ала отырып, өтті.

40 сағаттық дәрістер мен практикалық жұмыстар бағдарламасында масс-спектрометрлердің құрылымдық ерекшеліктері мен жұмыс принциптері, талдаудың әртүрлі әдістерін салыстыру, дәлсіздіктерді бағалау, матрицалық әсерлер, спектрлік қабаттасулар және оларды түзету тәсілдері; жаңа әдістемелерді әзірлеу және оларды аттестаттау тәсілдері қарастырылды.

Масс-спектрометрия саласындағы алынған іргелі білім көптеген міндеттерді шешуде ИБП-МС әдісін қолданудың практикалық дағдылары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, талдау процедурасының сапасын жақсарту мен оңтайландырудың жаңа тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді.