Аналитикалық жұмыстарға арналған жабдықтарға жоспарлы алдын алу қызметтерін көрсету

Ғылымның кез келген бағытының маңызды құрамдасы аналитикалық жұмыстардың сапасы болып табылады, ол, оның ішінде, пайдаланылатын жабдықтардың жұмыс қабылеттілігіне байланысты.

Жаңа күнтізбелік жылдың басталуы бюджеттік және келісімшарттық бағдарламалар бойынша жұмыстардың басталуын, яғни жабдықтардың аналитикалық қызметтің басталар алдындағы тиісті дайындығын білдіреді. Мұндай қызметтер тізімі ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы үшін өте ауқымды және қоршаған орта объектілерін талдаудың әртүрлі әдістерін қамтиды. Бұл сол сияқты элементтік құрамды келесі: рентген-флуоресценттік (РФТ), атомдық-эмиссиялық (ИБП-АЭС) және индуктивті-байланысқан плазмасы бар масс-спектрометриялық (ИБП-МС) әдістермен анықтау да болып табылады. Және  жартылай өткізгіш альфа- және гамма-спектрометрияны, сондай-ақ сұйық-сцинтилляциялық бета-спектрометрияны қамтитын иондық сәулеленудің әртүрлі тіркеу әдістері де бар.

Талдаулардың аталған түрлері баптауы мен жоспарлы жөндеуі үшін арнайы дағды мен білім қажет болатын жоғары технологиялық жабдықтарды пайдалануды талап етеді. Қазіргі уақытта аппаратуралық парк 192 бірлікті құрайды. 2023 жылғы қаңтарда РҚЭИ филиалының жұмыскерлерімен аналитикалық жабдықтар үшін алдын алу жөндеу және баптау жұмыстары орындалып, ол өз кезегінде оқытумен ілесе жүргізілді. Бұзылуларға тән сипаттағы себептер, олардың белгілері мен соңғы тұтынушыға қол жетімді болатын өздігінен жою тәсілдері қарастырылды.