Радиациялық зерттеулер жөніндегі IV Азиа конгрессі
05.09.2017
2017 жылғы 16-18 тамыз аралығында Астана қаласында ЕХРО – 2017 халықаралық көрмесінің шеңберінде радиациялық зерттеулер жөнінде IV Азиа конгрессі өтті. Конгресске Қазақстаннан және 10 шетел елдерінен (Жапония, Ресей, Франция, Оңтүстік Корея, Қытай, Австрия, Иран, Индия) ғалымдар мен мамандар, сонымен қатар, АТЭХАГ, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінен, «Қазатомпром ҰАҚ» АҚ өкілдері қатысты.
Конгресстің жалпы және секциялық отырыстарында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудың аса маңызды жетістіктері мен үрдістері, радиобиология, радиоэкология және радиациялық қауіпсіздік саласындағы іргелі зерттеулер мен жаңа нәтижелер тыңдалды және талқыланды.
Секциялар бойынша есептерде радиацияның қоршаған орта нысандарына әсерін, иондаушы сәулелендірудің «төмен дозаларының» әсерін бағалау мәселелері, молекулярлық генетикадағы өзгерістер және олардың сәулеленудің ұзақ мерзімді әсерін дамытудағы рөлі сұрақтары қарастырылды. Эпидемиологиялық зерттеулер, сыртқы және ішкі сәулеленулерден жеке дозалардың қайта құрылулары нәтижелерін талқылауға және де радиациялық қатерді бағалау үшін деректердің электрондық базаларын ұйымдастыруға көп көңіл бөлінді.
Аталған Конгрессте ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан 21 маман қатысты, оның 13 адамы ауызша баяндама жасады және 8 адамы стенділік баяндама ұсынды.