ICRER 2024

2024 жылғы 24-29 қараша аралығында Марсель қаласында (Франция) Радиоэкология және қоршаған ортаның радиоактивтілігі жөніндегі 6-шы Халықаралық конференция өтті (6th International Conference on Radioecology & Environmental Radioactivity – ICRER 2024). Конференцияға радиациялық физика, химия, медицина, биология және экология саласындағы әлемнің түрлі елдерінен келген ғалымдар мен мамандар қатысты.

Қатысушылардың баяндамалары климаттың өзгеруіне, қоршаған ортаны мониторингілеуге, адамның және қоршаған ортаның сәулелену дозаларын бағалауға, радионуклидтерді тасымалдауды үлгілеуге және жасанды интеллект арқылы радиоэкологияны дамытуға, сондай-ақ радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы соңғы жетістіктерге және өлшеулер мен метрология саласындағы жаңа әзірлемелерге қатысты кең ауқымды бағыттарды қамтыды.

ҚР ҰЯО РМК қызметкерлерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері «Қоршаған ортадағы радионуклидтердің қозғалғыштығы мен биожетімділігін түсіну және үлгілеу» секциясында ұсынылды.