А.С. Саенко атындағы «Радиобиологияның заманауи мәселелері» XXIV Халықаралық жастар ғылыми мектебі

2025 жылғы 19-23 мамыр аралығында Обнинск қаласында (Ресей Федерациясы) А.Ф. Цыба ат. Медициналық радиологиялық ғылыми орталықтың базасында – Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің «Радиология ҰҒМО» ФМБМ филиалы – Н.В. Тимофеев-Ресовскийдің туғанына 125 жыл толуына орай А.С. Саенко атындағы «Радиобиологияның заманауи мәселелері» XXIV Халықаралық жастар ғылыми мектебі өтті. ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалынан іс-шараға эколог-жас мамандар Е.В. Корнилаев пен С.Д. Смирнов қатысты. Іс-шара аясында радиобиология, радиациялық генетика, молекулалық және жасушалық биология, онкология, иммунология және радиациялық экология саласындағы зерттеулердің заманауи бағыттары қаралды. Бағдарламаға радиоэкологиялық мониторинг, полигенетикалық қатер индекстері, ғарыштық радиобиология, нысана теориясының математикалық, физикалық және биологиялық аспектілері және радиобиологияға ену принципі, ДНҚ репарациясында ақуыздардың фокустары, жасуша өлімінің молекулалық механизмдері, сондай-ақ биосферадағы радионуклидтердің қозғалысы және т.б. бойынша дәрістер кірді. Мектепке қатысу кәсіби білімдерін кеңейтуге, радиобиология және радиоэкология саласындағы заманауи тәсілдермен және әдістермен танысуға, ғылыми байланыстар орнатуға, сондай-ақ халықаралық алаңда ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының қызметі мен ағымдағы зерттеулерін ұсынуға мүмкіндік берді.