«Изотоптық гидрология саласындағы зерттеулерге арналған далалық өлшеулер» өңірлік оқу курсы

2026 жылғы 12–16 қазан аралығында Рабат (Мальта) қаласында RER7017 «Климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету» техникалық ынтымақтастық жобасы шеңберінде өткен «Изотоптық гидрология саласындағы зерттеулерге арналған далалық өлшеулер» өңірлік оқу курсына ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалындағы МЭАЗБ эксперименттік және экологиялық зерттеулер зертханасының бастығы Айнұр Мамырбаева қатысты.

Оқу барысында изотоптық технологияларды қолдана отырып жерасты суларын зерттеудің заманауи әдістері, гидрогеологиялық мониторинг жүргізу, жерасты суларының жасы мен сапасын бағалау, сондай-ақ олардың ластану көздерін анықтау мәселелері қарастырылды. Курстың практикалық бөлігі далалық зерттеулерді, изотоптық талдау жүргізу үшін су сынамаларын алу әдістемелерімен танысуды, мониторингілеу пункттеріне баруды және жерасты суларындағы радон-222-ні өлшеуге арналған арнайы жабдықты көрсетуді қамтыды.

Халықаралық курсқа қатысу изотоптық гидрология саласындағы кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейтуге, су ресурстарын зерттеудің озық әдістерімен танысуға және шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.