The Exsoil International Summer School 2026 Халықаралық Жазғы мектебіне қатысу

2026 жылғы 26–30 шілде аралығында РБЗБ ФХЗЗ бастығы А.Е. Кундузбаева Leibniz University Hannover (LUH) ұйымдастырған The ExSoil International Summer School 2026 Халықаралық жазғы мектебіне «Soil Erosion and Land Degradation in Drylands and Fragile Landscapes under Climate Change» («Климаттың өзгеруі жағдайындағы құрғақ аймақтар мен осал ландшафттардағы топырақ эрозиясы және жердің тозуы») тақырыбында қатысты.

Жазғы мектеп Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы (Ақмола облысы, Шортанды-1 кенті) базасында өтті.

Жазғы мектептің бағдарламасына эрозиялық процестерді, жердің тозуын зерттеудің және топырақ құнарлылығын сақтаудың заманауи әдістеріне арналған дәрістік және практикалық сабақтар кірді. Оқу барысында қатысушылар жел және су эрозиясын, топырақ агрегаттарының тұрақтылығын бағалау әдістемелерін меңгерді.

Жазғы мектепке қатысу ҚР ҒЖБМ АР26194435 «Қазақстан Республикасының далалық табиғи аймағының топырақ-өсімдік жамылғысындағы жасанды және табиғи радионуклидтердің фондық деңгейі мен жылыстау қабілетін бағалау» гранттық қаржыландыруы шеңберінде жүзеге асырылды.