(Русский) Региональный учебный курс МАГАТЭ «Анализ трития и его применение в гидрологических исследованиях»

2026 жылғы 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Венгрияның Дебрецен қаласында HUN-REN ядролық зерттеулер институтының базасында RER7017 – «Өзгермелі климат жағдайында су ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету» АТЭХАГ жобасы шеңберінде ұйымдастырған «Тритийді талдау және оны гидрологиялық зерттеулерде қолдану» өңірлік оқу курсы өтуде. Білім беру іс-шарасына ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының мониторингілеу және экологиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімінің эксперименттік және экологиялық зерттеулер зертханасының инженері Надева Анастасия қатысады. Курс бағдарламасы изотоптық гидрологияның теориялық және практикалық аспектілеріне, жер асты суларын анықтау әдістеріне және тритийді талдаудың заманауи тәсілдеріне бағытталған.

Іс-шара барысында Анастасия атмосфералық жауын-шашынның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шығыс өңірінің жер үсті және жер асты суларының изотоптық құрамы бойынша деректерді ұсынды. Оқыту барысында алынған білім мен кәсіби құзыреттіліктер гидрологиялық процестерді зерттеу және су объектілерін зерттеу кезінде тритийді изотоптық трассер ретінде қолдану саласын кеңейтуге мүмкіндік береді.