Тәжікстан Ұлттық Ғылым академиясының изотоптық гидрология зертханасына ғылыми сапар

2026 жылғы 15-19 маусым аралығында ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының мониторингілеу және экологиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімінің бастығы А.К. Айдарханова Душанбе қаласына Тәжікстан Ұлттық Ғылым академиясының мұздықтарды зерттеу орталығының изотоптық гидрология зертханасына ғылыми сапармен барды. Сапар АТЭХАГ «Өзгермелі климат жағдайында су ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету» RER7017 жобасы шеңберінде өтті.

Ғылыми сапардың мақсаты су экожүйелері мен мұздықтарды зерттеу, су сапасын бағалау үшін изотоптық гидрологияны қолданудың халықаралық тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ трансшекаралық су ресурстарын тұрақты басқару мақсатында өңірлік ынтымақтастықты дамыту болып табылады.